Жаңалықтар

12:26 | 28 қыркүйек 2015
25- 27 қыркүйек аралығында Грозный (Шешенстан Республикасы) қаласында Шешенстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің бірінші төрағасын еске алуға арналған халықаралық турнир өткізілді. Оған 16 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша 60 келі салмақта Дархан Сержанов қола медальді ұтып алды.
12:02 | 28 қыркүйек 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы ерлер құрама командасының дәрігері Кудашова Наталья Викторовнаға анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
16:03 | 26 қыркүйек 2015
Қазақстан дзюдо федерациясының ұжымы Құлыбаев Тимур Асқарұлын Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің Президенті қызметіне тағайындалуымен құттықтайды. Дзюдошылар қауымдастығы Сізге жаңа лауазымыңызда жемісті жұмыс тілейді және дзюдо күресіне деген қамқорлығыңыз үшін алғыс білдіреді.
15:53 | 26 қыркүйек 2015
Құрметті дзюдо күресінің жанкүйерлері! Қазақстан дзюдо федерациясында қуаныш. Елдің қошеметіне бөленіп жүрген екі бірдей спортшымыз Самат Есен (90 келі) мен Асхат Тельманов (60 келі) үйленді. Жас жұбайларды үйлену тойларымен шын жүректен федерация ұжымы атынан құттықтаймыз және бақыт, жас шаңырақтарға шаттық пен береке тілейміз.
12:17 | 24 қыркүйек 2015
Қазақстан дзюдо федерациясының ұжымы күллі мұсылман қауымын құрбан айт мерекесімен құттықтайды. Әр шаңыраққа бақыт, береке тілейді. Айтылған дұға тілектеріңіз және шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Әлеуметтік желідегі парақшалар