Дзюдо тарихы

Қазақстан дзюдо федерациясы 1973 жылы құрылған. Екі адам бір-біріне қарама-қарсы тұрып, күш қолданатын спорт түрлері Қазақстанда әлдеқашан танымал болып, өзінің ізбасарларын тез тапты. Қазақстанда дзюдо мектебін қалыптастыру жолында Анатолий Малкин, Тлеухан Әміржанов, Владимира Пака, Анатолий Сун, Әбілхаиыр Байбұсынов,Батырбек Сейсенбаев, басқа да азаматтар үлкен жұмыс атқарды.

Қазақстан дзюдошыларының бүкілодақтық жарыстарға қатысуы оларға өз жемісін бере бастады. Алғашқы халықаралық турнирлер біз үшін сәтті аяқталып, Марат Әзімбаев Еуропа чемпионы атанды.

70-ші жылдардың соңы, 80-ші жылдардың басы отандық дзюдоның жаңа даму кезеңі, бұл уақыт КСРО жазғы спартакиадаларының, Одақ және Еуропа біріншіліктерінің жеңімпаздары және жүлдегерлері - Али Хамхоев, Қайрат Мысықбаев, Сергей Аширов, Ахат Аширов, Серік Шакимов, Асланбек Омаров, Ирина Семенюк сияқты басқа да отандық спортшылармен байланысты.

1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап біздің еліміз халықаралық, құрлықаралық біріншіліктерге, әлем чемпионаттарына, Олимпиада және Азия ойындарына өзіміздің жеке құрамаларды шығаруға мүмкіндік алды. Отандық татами шеберлерінің алғашқы кездесулері көңілге қуаныш ұялататындай болды. 1993 жыл Макаода өткен Азия чнмпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте осы спорт түрінің негізін қалаушы жапондықтарға ғана есе жіберіп, екінші орынды иеленді.

1994 жылы Хиросимада (Жапония) өткен алғашқы Азия ойындарында Қазақстан командасы 5 медальға ие болды, оның ішінде 2 күміс (Иван Карезелиди және Серік Әлімжанов) және 3 қола бар (Серік Шакимов, Серік Адыгенов, Ибрагим Вешогуров). Келесі 1998 жылы Бангкокта (Таиланд) өткен Азия ойындарында ел спортшылары 6 медальді қанжығаларына байлады. Иван Баглаев пен Варвара Масягина күмістен алқа тақса, Нұрбол Сүлейменов, Вячеслав Бердута, Руслан Сейілханов және Серик Шакимов қолаға ие болды. 2002 жылы Бусанда (Оңтүстік Корея) өткен Азия ойындарында 4 марапатқа ие болды, Базарбек Донбай күміс алса, Асхат Жіткеев, Вячеслава Бердут және Шолпан Қалиева өз жанкүйерлерін қола алып қуантты. 2006 жылы Дохада (Катар) өткен Азия ойындары ел дзюдошылары үшін жемісті болды, біздің саңлақтар 6 медальді иеленді, оның 2 күміс (Максим Раков, Алмаз Атаев) және 4 қола (Асхат Жіткеев екі мараптақа ие болды, 100 келіден жоғары және абсолютті салмақта, Елдос Ихсанғалиев, Саламат Утарбаев). 2010 жылы Гуанчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарында Қазақстан 4 медальді қоржынға салды, Ислама Бозбаев күміс, ал Максима Ракова, Гүлжан Исанова және Ғалия Өлментаева қоладан алқа тақты.

2001 жылы еліміздің татами шеберлері Қазақстан дзюдо тарихында алғаш рет жаңа деңгейге көтеріледі. Ересектер арасындағы әлем чемпионатында Асхат Шахаров пен Асхат Жіткеев қола жүлдегерлер атанады.

2004 жылы Алматы алғаш рет Азия біріншілігін өткізеді, бұл жарыста біздің спортшылар 3 алтынды жеңіп алады (Асхат Жіткеев, Мұратбек Қыпшақбаев, Базарбек Донбай). Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионаттарында да сәтті өнер көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн (ерлер, жастар және жасөспірімдер).

1998 жылы Мәскеуде өткен дүниежүзілік жасөспірімдер арасындағы ойындарда Ерлан Слямбаев алтын алып қуантты.

Әр түрлі жылдары жастар арасындағы әлем біріншіліктерде Марат Мықтыбеков, Әсет Түсіпов, Коныспай Шпанов, Максим Раков, Ілияс Измагилов, Наурызбек Майлашев, Виктор Демьяненко, Серіктай Закетаев, Азиз Қалқаманұлы, Хаванбай Ховдал және Елдос Сметов сияқты саңлақтарымыз жүлдегер атанып жүрді.

Қазақстан дзюдошыларына Олимпиададағы алғашқы ірі жеңіс 2008 жылы келді, Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында Асхат Жіткеев ақтық мәреде Монғолиядан келген қарсыласына есе жіберіп, Олимпиаданың күміс жүлдесін қанжығасына байлады. Осы күміс жүлде алғаннан соң үш мәрте Азия чемпионы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері спорттық карьерасын мақтанышпен аяқтады.

2009 жыл отандық дзюдо тарихында есте қалатындай болды. Осы жылы Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Бекет Махмұтов келді. Ол әлемдегі ұлттық спорт федерацияларына жетекшілік еткен беделді және құрметті азаматтардың бірі. Бекет Махмұтов ұзақ жылдар бойы еліміздің бокс федерациясын басқарды, халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының бірінші вице-президенті болып қызмет жасады. Ол азаматтың кезінде Қазақстан 4 олимпиада алтынын, екі Вэл Баркер кубогін алып елімізді бокс державасы ретінде таныта білді. Бекет Махмұтовқа дейін федерацияны Санжар Жандосов, Юрий Кислицын, Дюсенбай Дюсенов, Асанәлі Әшімов, Мәжит Есенбаев, Темірхан Досмұхамбетов басқарып, Қазақстанда дзюдоның қалыптасып дамуына зор үлестерін қосқанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда Қазақстан дзюдо федерациясын Кеңес Рақышев басқарады. Ол федерацияның кезектен тыс конференциясында (2012 жылдың 12 қарашасында) бірауыздан осы лауазымға сайланды, ал Бекет Махмұтов ұлттық дзюдо федерациясының құрметті президенті болды.

Кенес Рақышев әкімшілік жұмыста үлкен тәжірибесі бар: 2009-2012 жылдары Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, 2009-2011 жылдары Алматы бокс федерациясын басқарды, 2011 -2012 жылдары Азия бокс конфедерациясының вице-президенті болған. Дзюдоның дамуы жолында Жексенбай Саламатов, Талғат және Канат Байшолаковы, Манарбек Таутанов, Самат Жылқыбаев, Асылбек Құлмағамбетов, Бостан Жаңбырбаев, Ербол Қырғызбаев, Николай Потапеня, Владимир Кичатов, Пернебек Күлтаев, Ермек Иманбеков, Сергей Раков, Ғалымжан Жылгелдиев, Михаил Шепетюк, Александр Патокин, Александр Баранов және басқа жаттықтырушылар жұмыс жасауда.

2009 жылы қазахстандық Максим Раков, осыған дейін ешкім жетпеген жетістікке қол жеткізеді, ол 23 жасында ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Сол әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте Корея мен Ресейден кейін 3-ші орынға ие болды, осы кезде Жапония құрамасын артқа тастағанын айта кеткен жөн.

Бекет Махмұтовтың арқасында ұлттық құрамалдың материалдық жағдайлары жақсарып, бұл халықаралық дәрежедегі додаларда біздің палуандардың жоғары жетістікке жетулеріне септігін тигізді. 2010 жылы Мароккод аөткен әлем чемпионатында біздің команда 1 алтын, 2 күміс және 1 қола марапатты жеңіп, командалық есепте жапондықтардан кейінгі екінші орынды иеленді. Отандық дзюдо тарихында жастар арасында бірінші әлем чемпионы атанған Елдос Сметов(бір жылдан кейін жастар арасындағы әлем чемпионатында Сметов күміс алады).

2011 жылы біздің жастар құрамасы әлем чемпионатында да сәтті өнер көрсетіп, 4 марапатқа ие болды, оның 2 күміс және 2 қола медаль.

2009 және 2012 жылдар аралығында Қазақстан дзюдошылары ересектер, жастар, жасөспірімдер, арасындағы әлем және Азия чемпионаттарына, «Әлем шеберлері», Гран-При, «Үлкен Дулыға», әлем кубогі турнирлеріне қатысып, барлық халықаралық додаларда жақсы нәтижелер көрсетті. Жоғарыда аталған барлық жарыстарда еліміздің саңлақтары жеңімпазадар мен жүлдегерлер атанды. 2012 жылы «Әлем шеберлері» турнирінде осы беделді жарыстан Максим Раков Қазақстанға алғаш рет алтын алып берді, аталмыш додаға әр салмақ дәрежесінен әлемнің ең мықты 16 дзюдошысы қатысады

Жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында біздің дзюдошылар халықаралық додалардан жалпы алғанда 88 медаль ұтып алды, оның 18 алтын, 19 күміс және 51 қола марапат. Қазақстан дзюдо федерациясының демеушілері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының арқасында біздің ел 2010 және 2011 жылдары әлем кубогін өткізді, ал 2012 жылы Алматыда халықаралық дәрежедегі айтулы жарыстардың бірі - «Әлем шеберлері» турнирі өткізілді. Алматы қаласына әлемнің ең мықты дзюдошылары жиналды, оның ішінде 9 олимпиада чемпионы және 20 шақты әлем чемпионаттарының жеңімпаздары жиналды. Біздің елімізді алғаш рет халықаралық дзюдо федерациясының басшысы Мариус Визер келді, ол Алматыда өткен турнирге жоғары бағасын беріп, еліміздегі дзюдоның дамуына жақсы сипаттама берді, біз Азиядағы көшбасшыларын қатарынан екенін атап өтті.

2013 жылдан бастап біздің елде Гран при өткізілмек. Қазіргі таңда федерацияның бас демеушісі «SAT & Company» екенін атап өту керек.

2012 жылдың айтулы оқиғаларының бірі спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы құрылып, оның президенті болып Тимур Құлыбаев тағайындалды.

Халықаралық жарыстарға қатысып жүрген отандық спортшыларымыздың мақсаты бір, елімізді әлемге таныту, өз жетістіктерімен қазақ спортының деңгейін әлем сахнасында көрсету. Конфедерацияның тұжырымдамалық идеясы федерациялардың ресурстары мен мүмкіндіктерін біріктіру (бокс, дзюдо, спорттық күрес, ауыр атлетики и таэквондо), даму жолында жоғары жетістіктерге жету үшін.

Қазақстан дзюдосының ілгері жылжуын бүкіл әлем мойындады. Қазақстан дзюдо федерациясы көптеген бағыт бойынша жұмыс істеуде. Бұл жұмыс спорттық нәтижелер көрсетуде ғана емес, халықаралық беделімізді де нығайту жолында жүргізілуде. 2011 жылдың сәуірінде Азиадалық дзюдо одағының конгрессінде Бекет Махмұтов құрлықтық ұйымның вице-президенті болып қайта сайланды, бұл Қазақстан дзюдосының деңгейін айқындап берді.

Мухсин Нұртазиннің отандық судьялар құрамын халықаралық сахнада көрсетіп жүргенін айта кеткен жөн, атап айтқанда 2008 жылы Бейжің және 2012 жылы Лондон олимпиадаларында төрешіліқ қызмет атқарды.

Дзюдоның басқа да жекпе - жек түрлерінен ерекшелігі, ұлттық федерация құрамаларының әр қайсысы халықаралық дзюдо федерациясының бастауымен жыл бойы өткізілетін Халықаралық дзюдо федерациясының турнирлеріне қатысуға мүмкіндік алады (Халықаралық дзюдо федерациясының мүшелері тек ФИФА-ға жол береді). Дәстүрлі әлем және құрлықтық біріншілік чемпионаттарымен қатар, «Әлем шеберлері», «Үлкен Дулыға», Гран-при мен Әлем кубогі додалары өтіп тұрады.

2012 жылғы Олимпиада ойындарына 135 елдің дзюдошысы қатысты. Олимпиадаға жолдама алу тәртібі дзюдо спортында ең қиын жүйелердің бірі. Алайда осыған қарамастан 2012 жылы Лондон олимпиадасы қарсаңында ерлер құрамасы ойнатылған жеті лицензияның барлығын жеңіп алса, әйелдер құрамасы екі жолдамаға ие болды.

Қазақсанда жыл сайын дзюдоға деген қызығушылық артуда. Ересектер жастар және жасөспірімдер арасында ел біріншіліктері өтіп тұрады, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам спортшы қатысып, дзюдоға қызығушылық танытқандардың саны мен сапасының көтерілгенін көрсетеді.

Әлеуметтік желідегі парақшалар