Жаңалықтар
09:01 | 14 қараша 2015
Еліміздің дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визерден ресми хат алды. Онда биыл Астана қаласында өткен әлем біріншілігін теледидар арқылы тамашалаған көрермендер саны рекордтық көрсеткішке жеткені айтылған. Мәселен, өткен жылы Ресейдің Челябі қаласында өткізілген әлем чемпионатын тамашалаған көрермендер саны 110 миллион болып тіркелсе, елордадағы біріншілікті теледидар арқылы 193 миллион адам тамашалаған. Сонымен қатар, Мариус Визер біріншілік биыл қалың көпшілік…
15:37 | 12 қараша 2015
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Оның барысында жастар және кадеттер арасында өткізілген әлем біріншіліктерінде жеңіске жеткен спортшылар марапатталды. Жастар арасында әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдин және оның жеке бапкері Қален Қалиұлы, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Арсен Хатип қаржылай мапарапатталды. Сонымен қатар, аталмыш жарыстың қола жүлдегері Никита Азаров пен оның жеке бапкері Сергей Дмитренко қаржылай сертификаттар…
20:11 | 11 қараша 2015
20-22 қараша аралығында Қытайдың Циндао қаласында дзюдо күресінен «Grand Prix» жарысы өткізіледі, оған еліміздің командасы келесідей құрамда қатысады:
Ерлер:
Асхат ТЕЛЬМАНОВ (60 келі)
Айбек ИМАШЕВ (60 келі)
Ғабит ЕСІМБЕТОВ (66 келі)
Сергей ЛИМ (66 келі)
Дастан ЫҚЫБАЕВ (73 келі)
Дидар ХАМЗА (73 келі)
Ерназар ХАМЗИН (81 келі)
Әзіз ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (81 келі)
Тимур БОЛАТ (90 келі)
Самат ЕСЕН (90 келі)
Максим…
22:24 | 08 қараша 2015
Құрметті дзюдо сүйер қауым! Еліміздің дзюдо күресінен ұлттық құрама командасының мүшесі Руслан Әбдіразақов үйленді. Жас шаңырақты үйлену тойларымен құттықтаймыз, жас отбасына береке мен бірлік, қуаныш тілейміз!
16:01 | 05 қараша 2015
Бүгін дзюдо күресінен қазақ құрамасының беделді мүшелерінің бірі Дастан Ықыбаевтың туған күні. Дастан сені дзюдо федерациясы ұжымының атынан туған күніңмен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жеңіс, әр бастамаңа жеміс тілейміз!