Мағжан Шәмшәдин жастар арасында әлем чемпионы атанды!

23:06 | 23 қазан 2015

Қазақ құрамасының белді мүшелерінің бірі Мағжан Шәмшәдин Абу - Даби қаласында өтіп жатқан жастар арасында әлем біріншілігінің чемпионы атанды. 55 келі салмақтағы спортшымыз алдымен өзбек Достон Рузиевті, одан кейін Армения балуаны Ваган Ховсепянды ұтты. Мұнан соң әзірбайжандық Натиг Гурбанлиден басым түсіп, жартылай финалдық кездесуде ол Грузия дзюдошысы Ираклий Купанадзеден айласын асырды, ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Ха Рим Лиді "иппон" ұпайымен жеңді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар