«Огни Магнитки» жарысы мәресіне жетті
16:34 | 26 қазан 2015
Теміртау қаласында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдархановты еске алуға арналған «Огни Магнитки» жарысы мәресіне жетті. Биыл турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен және Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғыстаннан келген 400-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Шымкент қаласының балуандары алды, екінші орында Теміртау қаласы спортшылары, ал қола жүлделерді Астана мен Өзбекстан дзюдошылары бөлісті.
0 пікірлер