Жаңалықтар

18:59 | 26 қараша 2015
Бүгін қазақ құрамасының белді мүшелерінің бірі Сергей Лимнің туған күні. Спортшыны туған күнімен құттықтай отыра, алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз.
15:31 | 26 қараша 2015
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Grand-Prix» жарысында Азамат Мұқанов жарыс жолын екінші айналымнан бастап, алдымен португалиялық Андре Соарестен басым түсті. Мұнан соң, Алжир дзюдошысы Худ Зорданиді жеңіп, әзірбайжан балуаны Ниджат Шихализадеден айласын асырды. Алайда жартылай финалда ол жапондық спортшы Таро Фуджисакадан ұтылып, жұбаныш белдесуге мүмкіндік алады. Үшінші орынға күресінде Израильдық Поллак Голаннан жеңіліп, тек бесінші орынға тұрақтады. Дегенмен бесінші орыны үшін…
13:31 | 26 қараша 2015
Дәл қазір Оңтүстік Кореяда халықаралық «Grand-Prix» жарысы өткізіліп жатыр. Оған қазақ құрамасынан санаулы ғана спортшылар қатысып жатқанын еске саламыз. Жарыстың алғашқы күні 66 келідегі татамиге шыққан Азамат Мұқанов үшінші орынға күреседі және 48 келідегі дзюдошымыз Отгонцецег Галбадрах финалда күреседі. Кездесулер жарты сағаттан кейін басталады. Тікелей эфир www.ippon.tv сайтында.
10:22 | 24 қараша 2015
«Спешиал Олимпикс» мекемесі ҚР дзюдо федерациясына мүмкіндікгі шектеулі балалар мен жастарға және ересектерге көмек көрсеткені үшін, федерация басшылығына алғыс хат табыс етті. Естеріңізге салайық, осыған дейін федерация тарапынан аталмыш мекеме спортшыларын жарысқа апару үшін қаржы бөлінді, татами және кимонолар сыйға тартылған болатын.
17:26 | 22 қараша 2015
Қытайда өткізілген «Grand-Prix» жарысында 100 келі салмақ дәрежесінде Максим Раков екінші орын алды. Ақтық бәсекеге дейін ол өз қарсыластарын толықтай жеңіп, финалда Моңғолия балуаны Найдан Тувшинбаярмен кездесті. Тартысты өткен кездесуде Максим ескертулер саны бойынша қарсыласына есе жіберіп алды. Сонымен қатар, 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Айтуар Абдуллов бесінші орынға тұрақтады. Осымен Қытайдағы жарыс мәресіне жетті, кезекті турнир Кореяда келесі аптада…

Әлеуметтік желідегі парақшалар