Дзюдо техникасы
Дзюдо жапондық жауынгерлік өнердің бір түрі. Бүгінде бүкіл әлемге тараған бұл күрес жапон тілінен аударғанда «жұмсақ жол» дегенді білдіреді. Бұл өнердің авторы Күншығыс елінің даңқты ағартушысы Дзигоро Кано. Аталмыш жаңалықтың мақсаты - өзін өзі қорғауда дене қимылдарына аяқ-қол әрекеттерін қосып, партерде қарсыластың тепе-теңдігіне тежеу қойып, нәтижесінде тырп еткізбей қою.
Дзюдока (іс-тәжірибелік дзюдо) бүкіл дененің толықтай иілуін қамтамасыз етеді. Тепе-теңдікті сақтап, дұрыс тыныс алуды басқарады. Оқушы үнемі қырағы болып, «өлі қимылдарды» назардан тыс жібермеуі тиіс.
Дзюдоның техникасын оқып-үйрену дұрыс құлауды ("укэми") білуден басталады.
Жарақат алмаудың маңызды тетіктерінің бірі – татамиде қолмен амортизациялық алдын-ала соққы болып табылады. Алға қарай құлау кезінде қолдың иілген бөлігі алға қарай бұрылады. Арқамен құлау кезінде шынтақ түзеліп, денеден 45-60 градусқа алшақтайды. Бүйірмен құлауда бір қолдың шынтағы түзеліп, екінші қол корпустан бөлініп, жоғары көтеріледі. Барлық жағдайдайларда шынтақ татамиге бағытталып, ал саусақтар бір-біріне нығыздалған күйінде сақталуы тиіс.
Алға қарай құлаған кезде қорғанып құлаудың екінші нұсқасы бар. Қолды шынтақтан сәл бүгеді, саусақтарды ашады. Басты шалқайтады және бұрады. Одан кейін, саусақтар татамиге тиген кезде, біртіндеп алдымен кеуде, одан кейін қарын, ең соңында жамбас жерге тиеді.
Арқамен құлаған кезде, иекті кеуде тигізіп, тізелерді де барынша бүгіп құлау керек.
Бір қырмен құлаған кезде де иек кеудеге тигізіледі, аяқ бүгіліп, тізелердің арасы ашылады.
Тұрыс.
Кез-келген техникалық тәсілдің негізі тұрыс болып табылады немесе "сиcэй". Дененің қалыпты тұрысында ("сиcэй хонтай") – аяқ иықтың деңгейінде болады, дененің салмағы аяқтың ұшына түседі, тізе мен иық бос ұсталады.
Қорғаныс жағдайында ("сиго хонтай") аяқтың арасы алшақ болады, салмақ ортаға түседі, тізе бүгіліп, дене алға қарай сәл еңкейеді.
Дзюдода сондай-ақ қозғалу техникасы немесе "синтай" үлкен роль атқарады. Негізгі тұрыс – "цуги-аси" – табанмен жұмсақ қозғалуға негізделеді. Табандардың арасындағы ара қашықтық өзгермеуі тиіс.
Мамандардың айтуынша, нағыз дзюдо дұрыс ұстасу әдісінен ("кумиката") басталады. Дзюдошының күртешесі самбошынікіне қарағанда, эластикалық материалдан тілігеді, белбеуге арналған тесігі болмайды. Егер самбошының күртешесінен ұстаған кезде, оны өзіңе қарай тарту оңай екенін байқауға болады.
Ұстап алу.
Осы әдісті дзюдошыға қарсы қолданған кезде, ең алдымен күртеше созылады, ал қарсыласты құлату үшін, «бос аралық» толық аяқталуы керек.
Дзюдо техникасының тағы бір маңызды элементтері бұрылу және айналу әдістері ("тайсабаки") мен қарсыласты құлату әдістері ("кудзуси").
Дзюдо техникасы үш бөлімге бөлінеді:
- лақтыру техникасы (нагэ-вадза),
- қапсыру техникасы (катамэ-вадза) және
- осал жерлерге соққы беру техникасы (атэми-вадза).
Дзюдодағы лақтыру тәсілдерін аяқтан шалу, жұлқа тарту, т.б. әдістермен қоса орындауға болады және олар екіге жіктеледі:
- тік тұрып жасалатын әдістер (тати-вадза) және
- құлап бара жатып жасалатын әдістер (сутэми-вадза).
Тік тұрып жасалатын лақтыру тәсілдері де бірнеше топқа жіктеледі:
- қолмен жасалатын тәсілдер (тэ-вадза),
- жамбас буынымен жасалатын тәсілдер (коси-вадза) және
- аяқпен жасалатын тәсілдер (асивадза).
Құлап барып жасалатын тәсілдер:
- арқамен құлап бара жатып жасалатын лақтыру тәсілдері (масутэми-вадза) және
- бір қырмен құлап бара жатып, жасалатын лақтыру тәсілдері (ёко-сутэми-вадза).
Қапсыру техникасы (катамэ-вадза):
- қапсыра құшақтау (осаэкоми-вадза),
- қылғындыру (симэ-вадза) және
- жанға батыру тәсілдері (кансэцу-вадза).
Дененің сал нүктелеріне соққы беру техникасы (атэми-вадза) үшке бөлінеді:
- қолмен соққылау (удэ-атэ),
- аяқпен тебу (аси-атэ) и
- баспен соғу (атама-атэ)
Спорттық дзюдода соққы беруге тыйым салынған. Сондай-ақ қолмен аяқтан қапсырып ұстау, көзді шұқу, жақты ауырту, қылғындыру сияқты әдістерге де тыйым салынған. Партердегі күресте тек шынтаққа ғана ауырту тәсілдері рұқсат етілген.