Жаңалықтар

19:38 | 21 сәуір 2014
Павлодар қаласында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған турнир өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен және Қырғызстаннан келген жалпы саны 30 команда қатысты. Спорт додасы барысында 420 дзюдошы бақ сынады. Жарыс қорытындысы сайттың «нәтижелер» бөлімінде.
23:58 | 19 сәуір 2014
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропаның ашық кубогінде қазақстандық дзюдошылар жүлдеге қол жеткізді (19-20 сәуір, Санкт-Петербург). Жақсыбек Жеңісбек (55 келі) бірінші жарыс күнінде жеңімпаз атанды. Ол татами иесі Магомед Соломгериевтен финалда басым түсті. Ал ресейлік спортшы жартылай финалда Асылжан Сейдуәліні жеңген еді. Асылжан өз кезегінде қола жүлде иеленді. Сондай-ақ, кіші финалда отандасы Нұрдәулет Оразды ұтқан Мейірлан Баймағанбетов (60 келі) пен Ерасыл Сәкенұлының…
19:30 | 17 сәуір 2014
Павлодар қаласында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған турнир қарсаңында, бапкерлерге арналған семинар өткізілді. Оған 30 – ға жуық жаттықтыруышы қатысты. Еліміздің дзюдодан ұлттық құрама командасының бапкері әрі кеңесшісі Александр Яцкевич және ҚР еңбек сіңірген спортшысы Асхат Жіткеев тәжірибелік сабақтар өткізді.
21:37 | 07 сәуір 2014
Дзюдодан Еуропа кубогында Наймантаева Гүлфайруз (44 келі) және Қайсарова Әсел (52 келі) 3 орынды жеңіп алды. Жарыс Грецияда ағымдағы жылдың сәуір айының 5-6 күндері өткізілді. Елімізден 21 спортшыдан құралған жастар командасы қатысты (13 ұл, 8 қыз). Жалпы байрақты бәсекеде 32 мемлекеттен 300- ден астам дзюдошы бақ сынады.
21:34 | 07 сәуір 2014
Дзюдодан жастар құрамасы Тверь қаласында өткен Еуропа кубогында 3 медаль жеңіп алды. Жарыс ағымдағы жылы сәуір айының 5-6 күндері өтті. Қазақстан намысын 22 спортшыдан құралған жастар командасы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Хамза Дидар (73 келі) қоладан алқа тақса, қыздар арасынан Науатбек Ақмарал (40 келі) мен Айда Карчаева (48 келі) күмісті олжалады. Сондай-ақ, алғашқы 7 спортшының қатарына Әбілдә Бейбарыс (50 келі),…

Әлеуметтік желідегі парақшалар