Жаңалықтар

17:04 | 01 сәуір 2017
Грузия астанасы Тбилисиде Гран При турнирінің екінші күні жалғасуда. Бүгін Қазақстан құрамасынан 4 салмақ дәрежесінде (ер.:73 кг, 81 кг; әйел.: -63 кг, -70 кг) 7 дзюдошы қатысуда. 73 келіде татамиге шыққан отандасымыз Жансай Смағұлов пен 81 келіде ел намысын қорғаған Әзиз Қалқаманұлы жұбаныш белдесуінде қола үшін күреседі. 73 келіде Жансай Смағұлов алғашқы айналымда Ұлыбритания спортшысы Турнер Эронды вазаримен ұтып, екінші…
15:42 | 31 наурыз 2017
Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Гран При турнирінің алғашқы жарыс күні қазақстандықтар үшін аяқталды. Татами шеберлері 5 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. 5 салмақ бойынша Қазақстан ұлттық құрамасынан 7 дзюдошы қатысып, жүлдесіз қалды. 60 келіде белдескен Абылайхан Шаратов алғашқы айналымда бразилиялық Фелип Пелимеге вазари ұпайымен жеңілсе, дәл осы салмақта Жеңісбек Жақсыбек бірінші белдесуінде Бролошвили Гиоргиді (Грузия) жеңгенімен, екінші қарсыласы өзбекстан…
19:03 | 30 наурыз 2017
Жарыстың алғашқы күні татамиге 5 салмақ бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Ерлер: -60 кг, -66 кг;Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг; 60 келіде Қазақстан Ұлттық құрамасынан екі дзюдошы ел намысын қорғамақ. Абылайхан Шаратов алғашқы кездесуінде бразилиялық балуан Пелим Фелипемен, ал Жеңісбек Жақсыбек жергілікті татами шебері Бролашвили Гиоргимен белдеседі. 66 келіде Мауленин Әбілхайыр Бельгия спортшысы Яспер Лефеврмен, Қалтаев Мейіржан Поляк…
15:54 | 29 наурыз 2017
Алматыда Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың сыйлығына арналған дзюдодан халықаралық турнир өтеді. Турнирге шетелден 500-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. 22-23 сәуір аралығында өтетін халықаралық турнирге 1997-1999 жылы туылған спортшылар қатысады. Жарыс Алматы қаласындағы "Халық Арена" мұз сарайында өтеді. Естеріңізге сала кетсек, Бекет Махмұтов қазіргі таңда Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2013 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының…
15:01 | 28 наурыз 2017
Германияда жастар арасында өткен халықаралық Тюринги кубогының командалық сайысында Қазақстан құрамасының қыздары жүлделі орынға ие болды. Олар қола үшін күресте татами иелерін (Германия) жеңіп, қолаға қол жеткізді. Қазақстан құрамасында белдескен бұрымды балуандар келесідей: Науатбек Ақмарал (48 кг) Бұғылбаева Айдана (52 кг) Карчаева Аида (57кг) Нарынова Мөлдір (63 кг) Махмудова Жания (70 кг) Тилеуханова Назерке (-78 кг) Берліқаш Камила (+78 кг)

Әлеуметтік желідегі парақшалар