Жаңалықтар

20:06 | 10 қыркүйек 2015
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сіздерді дзюдо күресінен әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша өткізілетін баспасөз конференциясына шақырамыз. Шара барысында жеңіске жеткен спортшылар марапатталатын болады. Баспасөз конференциясы ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде cағат 11.00-де Алматы қаласы, Intercontinental Almaty қонақ үйінде «Абай» залында өткізіледі. Сөз сөйлеушілер: -Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Рақышев Кеңес Хамитұлы; -Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы; -Қазақстан дзюдо федерациясының…
18:00 | 10 қыркүйек 2015
2015 жылдың 11-12 қыркүйегі аралығында Қарағанды қаласы «Жастар» спорт кешенінде 1995-1996 жылғы жастар арасында дзюдо күресінен V халықаралық жарыс өткізіледі. Турнир Азия дзюдо федерациясының қолдауымен ҚР Ата заңына және Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай өткізіледі. Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Моңғолия спортшылары және Астана мен Алматы қалалары мен еліміздің14 облысының дзюдошылары қатысады деп жоспарланған.
11:23 | 09 қыркүйек 2015
Елдос Сметовты бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Елімізді дзюдо күресі арқылы әлемге танытып жүрген мақтанышымыз 23 жасқа толып отыр. Саған зор денсулық, бақыт, шаттық, жарыстарда жеңіс тілейміз!
13:12 | 01 қыркүйек 2015
2015 жылдың 24 – 30 тамызы аралығында Астана қаласында дзюдо күресінен әлем біріншілігі өткізілді. Оған 120 мемлекеттен келген 700-ден астам спортшы қатысты. Сонымен қатар, елордаға 1000-нан астам қонақ келді, олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар. Жарыста әлемнің әр түрлі мемлекеттерінен және еліміздің аймақтарынан келген 160 журналист жұмыс істеді. Чемпионаттың көрсетілімі әлемнің 150 елінде жүргізілді.…
19:35 | 30 тамыз 2015
Ерлер құрама командасы әлем чемпионатында командалық сында жүлдеге бір табан жақын болған еді. Қола медаль үшін Ғабит Есімбетов, Жансай Смағұлов, Әзіз Қалқаманұлы, Самат Есен және Макси Раковтардан жасақталған Қазақстан құрамасының бестігі азулы Моңғолияға қарсы татамиге шықты. Өкінішке орай, тамыздың 24 мен 30 аралығында елордамызда өткен әлем чемпионаты біздің еліміз үшін сәтті басталғанымен, табысты аяқталмады. Моңғолияға қарсы кездесуде тек Максим Раков…

Әлеуметтік желідегі парақшалар