Жаңалықтар
05:32 | 24 тамыз 2026
Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық сында Әлем чемпионы атанды
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының аралас-командалық жарысында жеңімпаз атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Финалда Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездесті. Негізгі белдесулер 3:3 есебімен тең аяқталған соң, жеңімпазды анықтау үшін қосымша белдесудің жеребесі тартылды. Жеребе бойынша -48 кг салмақ дәрежесі түсіп, шешуші кездесуде Иянат Жұбатқан Қазақстанға чемпиондық атақты сыйлады.…
01:25 | 24 тамыз 2026
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Эквадорда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында аралас командалық сында алғаш рет финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын 4:2 есебімен жеңді.
Жартылай финалда ел намысын Зере Талғатқызы (-48 кг), Расулхан Ғабит (-60 кг), Азима Серік (-63 кг), Әлижан Сайлаубеков (-81 кг), Тоғжан Төлебай (+63 кг) және Әділжан Жаудинов (+81 кг) қорғады.
Финалға дейін қазақстандық…
07:11 | 23 тамыз 2026
Қазақстан құрамасы Эквадорда өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей жарыстарын тарихи нәтижемен қорытындылады. Үш күнге созылған бәсекеде қазақстандық дзюдошылар 3 алтын, 3 күміс және 4 қола - барлығы 10 медаль еншілеп, жалпы медаль кестесінде екінші орынға тұрақтады.
Құраманың үшінші алтынын Әділжан Жаудинов жеңіп алды. +90 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық дзюдошы финалда ресейлік Абдулманаф Рамазановты қосымша уақытта…
06:07 | 22 тамыз 2026
Эквадорда өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Қыздар арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фатима Сұпығалиева қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды.
Финалда ол украиналық Ксения Кирильчуктан басым түсті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта (golden score) анықталды. Шешуші сәтте отандасымыз ұтымды әдіс жасап, қарсыласын иппонмен жеңді.
Осылайша, Фатима…
09:00 | 21 тамыз 2026
Эквадордың Гуаякиль қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде-ақ
1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алып, жалпы медаль кестесінде көш бастады.
Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді Ғабит Расулхан салды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әлем чемпионы атанды.
Әділжан Нұрбекен 50 келіге дейінгі салмақта және Адия Жанахмет 40 келіге дейінгі…




