БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

22:44 | 26 қазан 2015

Осы күндері Біріккен Араб Әмірліктерінде (Абу – Даби қаласы) жастар арасында әлем біріншілігі өткізіліп жатыр. Оған еліміздің жастар ұлттық құрама командасы қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шәмшәдин әлем чемпионы атанды, ал 100 келіге дейінгі салмақта Никита Азаров жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, 73 келіде Дидар Хамза мен қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Әйгерім Әбілқадырова бесінші орынға тұрақтады.

Жастар құрамасы үшін бұл сәтті жарыс болды. Себебі жалпы медаль қоры бойынша құрама 6 орын алды.

Спортшыларымыз Астана халықаралық әуежайына 28 қазан күні сағат 16.20-да келеді, осыған байланысты барлық ақпарат құралдарын жастар арасындағы әлем чемпионы Мағжан Шәмшәдинді, қола жүлдегер Никита Азаровты және жастар құрамасының басқа да спортшыларын әуежайдан ресми түрде қарсы алу үшін шақырамыз.

Тіркелу үшін аты - жөндеріңізді, ақпарат құралдарыңыздың атауын және байланыс телефондарыңызды fdkpress@mail.ru поштаcына жазып жіберулеріңізді сұраймыз (тіркелу уақыты 27 қазан сағат 18.00 – ге дейін, одан кейін тізім әуежай қызметкерлеріне жіберілетінін ескертеміз).

Сондай-ақ ертең жарыс командалар арасында жалғасатынын хабарлаймыз, оған тек еліміздің қыздар құрамасы ғана қатысатын болады.

Айта кету керек, 28 қазанда әлемнің барлық дзюдошылары дзюдо күнін атап өтеді. Мереке 2011 жылдан бастап Халықаарлық дзюдо федерациясының бастамасымен тойланып келеді, себебі осы күрес түрінің негізін қалаушы Дзигоро Кано 1860 жылы 28 қазанда дүниеге келген болатын.

«Дзюдо федерациясы» РҚБ

баспасөз хатшылығы

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар