Никита Азаров әлем біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды
22:22 | 26 қазан 2015
Абу – Даби қаласында жастар арасында өткізіліп жатқан әлем біріншілігінде 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде теміртаулық Никита Азаров қола медаль иегері атанды. Алайда оның осы жеңіске жетуі оңайға түспеді, алғашқы кездесуінде ол тәжік балуаны Теймур Рахимовтен басым түсіп, келесі кездесуінде француз дзюдошысын ұтты.
Бірақ үшінші кездесуінде ресейлік Ильяс Ниязовқа жол беріп жұбаныш кездесу өткізуге мүмкіндік алды. Оның нәтижесі бойынша черногориялық Динило Пантиканы жеңіп, үшінші орынға таласты. Қола медаль үшін күресінде спортшымыз ресейлік дзюдошы Олег Абаевты айқын басымдықпен жеңді.
0 пікірлер