Жаңалықтар

10:51 | 25 қазан 2013
Кеше,24 қазанда словениялық Люблянада дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар бақтарын сынады: 66 кг -Дәурен Алдыназаров 73 кг -Қайрат Ағыбаев 52 кг -Әсел Қайсарова, Айкүнім Түйтекова 57 кг -Анна Старченко, Севара Нишанбаева Өкінішке орай, біздің балуандар финалдық тартыстың жолдамаларынан құр алақан қалды. Байрақты бәсекенің нәтижесі бойынша Дәурен Алдыназаров жарыс кестесінің жетінші орнына тұрақтады. Бүгінгі белдесуге келесі спортшылар шығады: 81…
10:23 | 25 қазан 2013
24 қазанда Теміртауда білекті балуандардың басын біріктірген «Магнитка алаулары» халықаралық турнирінің алдындабаспасөз-мәслихаты өтті. Тартысты дода Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Амантай Айдархановты еске алуға арналған. Бүгіннен бастап жалауын желбіреткелі отырған біріншілікте балуандарымыз күндізгі кездесулерін өткізсе, кешке қарай мықтылардың мықтысы жеңіс тұғырына көтерілетін болады. Теміртаулық турнирде 9 ТМД елдерінің 400-ге жуық спортшысы бағын сынайды. Байрақты бәсекенің бас төрешісі Сергей Дмитренконың айтуынша,…
14:03 | 24 қазан 2013
Словенияның Любляна қаласында кеше, 23 қазанда дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі жалауын желбіретті. Дүбірлі додаға жол тартқан қазақ балуандарының барлығы ел біріншілігінен топ жарғандар. 23-27 қазан аралығында өтетін бәсекеге төрткүл дүниенің дарынды балуандары қатысуда. Бірінші күннің тартысында қазақ өрендерінен Жақсылық Мұсырманов және Асылжан Сейдуәлі (55 кг),Мейірлан Баймағамбетов (60 кг),Еңлік Сатыбалды (44 кг) және Айгүл Байқұловалар (48 кг) бақтарын сынады. Айгүл…
12:49 | 23 қазан 2013
Бүгін Люблянада (Словения) мықтылар бағын сынайтын дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты шымылдығын түреді. Байрақты бәсекенің боз кілеміне көтерілетін балуандарымызға ақ жол тілейміз! Әлемдік біріншілікке 75 елдің 610 жас спортшысымен қоса, Нұрбол Сүлейменов пен Жанат Нұртазина жетекшілік ететін Қазақстанның жастар құрамасы да ат салыспақ. Біздің балуандардың алғашқы белдесудегі қарсыластары нақтыланды. ҚР Дзюдо федерациясы оқырмандар назарына қазақ балуандарына қарсы тұратын жұптардың тізімін…
11:17 | 23 қазан 2013
23-27 қазан аралығында Словенияның Любляна қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Аталған дүниежүзілік додада әлемнің 75 мемлекетінен 610 дзюдошы бақ сынайды деп күтілуде. Оның ішінде Нұрбол Сүлейменов пен Жанат Нұртазина жаттықтыратын дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы да бар. 15 пен 21 жас аралығындағы талантты дзюдошылар тартысы бес күнге созылады. Кеше Любланада әлем чемпионатының жеребесі тартылып, жас спортшыларымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары…

Әлеуметтік желідегі парақшалар