Жаңалықтар
14:06 | 26 қазан 2013
Осы күні теміртаулық боз кілемде дзюдодан «Магнитка алаулары» деген атаумен халықаралық турнир өтуде. Кеше, 25 қазанда, ТМД балуандарының бірінші күнгі жекпе-жектері өтті.
Алғашқы күннің тартысы 46 кг, 50 кг, 55 кг және 60 кг салмақтағы дзюдошылардың арасында өтті. Алғашқы белдесу күнінің нәтижесі бойынша қазақстандық балуандардың қоржынына 1 «алтын», 2 «күміс» және 7 қола медаль түсті.
46 кг
1-ші орын -…
10:39 | 26 қазан 2013
Жастар арасындағы дзюдодан Люблянада (Словения) өтіп жатқан әлем чемпионаты әрі қарай жалғасуда. Қазақстандық дзюдошы Самат Есен 90 келіге дейінгі салмақта күмістен а лқа тағынды.
Қазақстандық құраманың атынан боз кілемге шыққан балуандар:
81 кг - Әзиз Қалқаманұлы
70 кг - Зере Бектасқызы
Өкінішке орай, аты аталған спортшылар іріктеу айналымынан қапыда қалды.
Бүгін татамиге көтерілетін спортшылар келесідей:
Бозбалалар:
100 кг - Әділхан…
10:51 | 25 қазан 2013
Кеше,24 қазанда словениялық Люблянада дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар бақтарын сынады:
66 кг -Дәурен Алдыназаров
73 кг -Қайрат Ағыбаев
52 кг -Әсел Қайсарова, Айкүнім Түйтекова
57 кг -Анна Старченко, Севара Нишанбаева
Өкінішке орай, біздің балуандар финалдық тартыстың жолдамаларынан құр алақан қалды. Байрақты бәсекенің нәтижесі бойынша Дәурен Алдыназаров жарыс кестесінің жетінші орнына тұрақтады.
Бүгінгі белдесуге келесі спортшылар шығады:
81…
10:23 | 25 қазан 2013
24 қазанда Теміртауда білекті балуандардың басын біріктірген «Магнитка алаулары» халықаралық турнирінің алдындабаспасөз-мәслихаты өтті. Тартысты дода Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Амантай Айдархановты еске алуға арналған.
Бүгіннен бастап жалауын желбіреткелі отырған біріншілікте балуандарымыз күндізгі кездесулерін өткізсе, кешке қарай мықтылардың мықтысы жеңіс тұғырына көтерілетін болады. Теміртаулық турнирде 9 ТМД елдерінің 400-ге жуық спортшысы бағын сынайды.
Байрақты бәсекенің бас төрешісі Сергей Дмитренконың айтуынша,…
14:03 | 24 қазан 2013
Словенияның Любляна қаласында кеше, 23 қазанда дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі жалауын желбіретті. Дүбірлі додаға жол тартқан қазақ балуандарының барлығы ел біріншілігінен топ жарғандар. 23-27 қазан аралығында өтетін бәсекеге төрткүл дүниенің дарынды балуандары қатысуда.
Бірінші күннің тартысында қазақ өрендерінен Жақсылық Мұсырманов және Асылжан Сейдуәлі (55 кг),Мейірлан Баймағамбетов (60 кг),Еңлік Сатыбалды (44 кг) және Айгүл Байқұловалар (48 кг) бақтарын сынады.
Айгүл…