Жаңалықтар

20:22 | 22 наурыз 2017
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы «БИИК» спорт кешенінде дзюдодан ерлер құрамасына арналған халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтуде. Халықаралық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан спортшыларынан бөлек, 4 елдің спортшылары қатысып жатыр. Атап айтсақ, Әзірбайжаннан 21, Өзбекстаннан 27, Қырғызстаннан 18 және Бельгиядан 4 спортшы «БИИК» базасында біліктіліктерін шыңдауда. Қазақстан дзюдо федерациясы ұйымдастырған халықаралық оқу-жаттығу жиыны наурыздың 27-сіне дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық құрама осы…
19:48 | 22 наурыз 2017
Моңғолия астанасы Ұлан Баатор қаласында қыздардан Қазақстан Ұлттық құрамасының қатысуымен халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Оқу-жаттығу жиыны наурыздың 18-і мен 25-і аралығы болады. Моңғолияда біліктілігін шыңдап жүрген 19 дзюдошы қыздарымызды бүгін Моңғолия дзюдо федерациясы Наурыз мерекесімен құттықтап, салтанатты дастархан жайды. Моңғолия тарапынан көрсетілген мұндай ерекше ықыласқа қыздарымыз өз ризашылығын білдіріп, құраманы бастап барған Энхбаатар Дашжамц пен Марат Данайбаев алғысын айтты.…
10:59 | 18 наурыз 2017
Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен «Гранд Слэм» турнирінде әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Зере Бектасқызы қола жүлдеге таласта ұтылып, 5 орын алған болатын. Спортшы жарыс жолын кеше, 11 наурыз күні аяқтады. Белдесулері аяқталғаннан кейін, қазақстандық дзюдошы қызбен sportportal.kz сайтының тілшісі сұхбаттасқан болатын. — Зере, Баку татамиінде бірінші белдесуде бос болып, екінші айналымда босниялық дзюдошыға ұтылдыңыз. Психологиялық дайындық жетіспе…
21:24 | 17 наурыз 2017
Астанада ҚР Президенті Нұрсұлта Назарбаевтың қатысуымен "Бейбітшілік және Келісім " сарайында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 25 жылдық мерейтойына орай мерекелік концерт өтті. Мемлекет басшысы қатысушыларды мерейтоймен құттықтап, олимпиадалық қозғалыстың қазіргі әлемдегі ерекше рөлін атап өтті,- деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. – Біз халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылдық. Ол тәуелсіз жаңа Қазақстанды құру ісінің маңызды бір бөлігі болып саналады. Себебі, олимпиадалық қозғалыс…
11:23 | 16 наурыз 2017
Наурыздың 29-ы мен 3-сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында 2000-2001 жылы туылған мектеп-интернат оқушылар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Чемпионатпен қатар, республикалық жаттығу лагері де жоспарланған.

Әлеуметтік желідегі парақшалар