Жаңалықтар

10:49 | 28 қазан 2013
Словения астанасы Люблянада дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі мәресіне жетті. Жас өрендер бас қосқан дүбірлі додада 90 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Самат Есен күміс жүлдеге иелік етті. Самат Любляна татамиінде 5 жекпе-жек өткізіп, оның төртеуін мерзімінен бұрын, «иппон» әдісімен жеңді. Атап айтар болсақ, молдовалық Виктор Фулга, австриялық Лаурин Бехлер, венгр дзюдошысы Кристиан Тот және бразилиялық балуан Хенрике Сильвалардың Саматты…
15:47 | 27 қазан 2013
ТМД балуандарының басын тоғыстырған «Магнитка алаулары» халықаралық турнирінде Астана командасы жарқын өнерлерімен суырылып алға шықты. Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы А.Айдархановты еске алу құрметіне орайластырылған додада Астана командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды олжалады. 9 салмақ дәрежесі бойынша өткен байрақты бәсекеге 9 достастық елдерінің балуандары қатысты. Жалпыкомандалық есепте астаналықтар бірінші, украиналық балуандар екінші және Ресей спортшылары үшінші орынды қанағат тұтты. Чемпион-команданың айтуларынша,…
13:19 | 27 қазан 2013
Люблянадағы дзюдодан жастар арасындағы әлемдік чемпионат шымылдығын жабады. Жаһан біріншілігі жеке сайыстарының қорытындысы бойынша Қазақстан 17-ші орынға жайғасты. Жалғыз «күміс» қазақстандық дзюдошы Самат Есеннің (90 кг) қанжығасында. Қазақстандық балуандар – Мейірлан Баймаханбетов (60 кг) пен Айбек Серікбаевтар (100 кг) жалпы рейтингтің бесінші сатысына тұрақтады. Ал қандастарымыз Дәурен Алдыназаров (66 кг), Еңлік Сатыбалды (44 кг), Айгүл Байқұлова (48 кг), Назира Ержанова…
14:06 | 26 қазан 2013
Осы күні теміртаулық боз кілемде дзюдодан «Магнитка алаулары» деген атаумен халықаралық турнир өтуде. Кеше, 25 қазанда, ТМД балуандарының бірінші күнгі жекпе-жектері өтті. Алғашқы күннің тартысы 46 кг, 50 кг, 55 кг және 60 кг салмақтағы дзюдошылардың арасында өтті. Алғашқы белдесу күнінің нәтижесі бойынша қазақстандық балуандардың қоржынына 1 «алтын», 2 «күміс» және 7 қола медаль түсті. 46 кг 1-ші орын -…
10:39 | 26 қазан 2013
Жастар арасындағы дзюдодан Люблянада (Словения) өтіп жатқан әлем чемпионаты әрі қарай жалғасуда. Қазақстандық дзюдошы Самат Есен 90 келіге дейінгі салмақта күмістен а лқа тағынды. Қазақстандық құраманың атынан боз кілемге шыққан балуандар: 81 кг - Әзиз Қалқаманұлы 70 кг - Зере Бектасқызы Өкінішке орай, аты аталған спортшылар іріктеу айналымынан қапыда қалды. Бүгін татамиге көтерілетін спортшылар келесідей: Бозбалалар: 100 кг - Әділхан…

Әлеуметтік желідегі парақшалар