Жаңалықтар

09:00 | 28 тамыз 2013
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан әлем чемпионатында сейсенбі, 27 тамызда, қазақстандық дзюдошы Азамат Мұқанов 66 кг дейінгі салмақ санатында күмістен алқа тақты. Финалға дейін ол барлық қарсыласын (Ресей, Сингапур, Ұлыбритания, Жапония спортшыларын) тізе бүктіріп келді, ал жартылай финалда Еуропа және әлем чемпионы украиналық Георгия Зантарайды жеңді. Өкінішке орай, финалдық кездесуде Азамат жапон спортшысы, 2011 жылғы әлем чемпионы Масаши Эбинумға есе жіберді. Сөйтіп,…
15:00 | 27 тамыз 2013
Дзюдодан болатын Әлем чемпионатына санаулы күндер қалды, сол себепті біздің спортшылар Рио-де-Жанейроға алдын-ала дайындықтардан өтіп, климатқа бейімделу үшін аттанып кетті. Бурабайдағы соңғы оқу-жаттығу жиындарында дзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ермек Иманбековпен сұхбаттасудың реті түскен еді. Бұған дейін ол дзюдодан жастар құрамасын жаттықтырып келген. Ал 2013 жылдың наурызынан бастап ересектер командасының тізгінін өз қолына алды. Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты…
10:00 | 27 тамыз 2013
Кеше, 26 тамызда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күні ерлер - 60 кг дейінгі салмақ санатында, әйелдер - 48 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсетті. Біздің еліміздің атынан Асхат Тельманов (60 кг), Елдос Сметов (60 кг), Айгүл Байкулева (48 кг) және Александра Подрядова (48 кг) өнер көрсетті. Өкінішке орай, біздің дзюдошы қыздарымыз айналымнан шыға алмады. Бірінші жекпе-жекте…
08:00 | 27 тамыз 2013
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы 26 тамызда Рио-де-Жанейрода басталған дзюдодан әлем чемпионатына орай байқау жариялайды. Байқау Конфедерацияның ресми парақшасының Facebook әлеуметтік желісінде өтеді. Байқаудың шарттары келесідей: 1. Facebook парақшасында жарияланған хабарламаны «Ұнайды» деп белгілеп, достарыңызға байқау туралы пікір қалдырыңыздар. 2. Ерекше материалды пайдаланып, «дзюдо» сөзін жазыңыз. Мысалы, тастармен, құммен, үлкен әріптермен, мұзбен жазу, немесе адамдардың, татамидің, дзюдог…
15:00 | 26 тамыз 2013
Нанкиндегі (Қытай) жасөспірімдер арасындағы Азиада ойындарының жүлделі орындары үшін болған дүбірлі дода межесіне жетіп, жабылу салтанаты өтті. 16-24 тамыз аралығында 45 Азиялық аймақтың 2 430 спортшысы 17 түрлі спорттың түрінен, оның ішінде ауыр атлетика, дзюдо және таеквондодан бақтарын сынады. Қазақстандық құрама осы тартыстарда 10 медальға ие болып, 45 елдің ішінде жалпыкомандалық есеп бойынша 12-ші орынға жайғасты. 10 медальдың 5-еуін біздің…

Әлеуметтік желідегі парақшалар