Жаңалықтар
19:40 | 28 қазан 2013
Люблянде (Словения) дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәреге жетті.
Командалық жарыстарда Қазақстан құрамасы, өкінішке орай, іріктеу айналымына өте алмады. Жігіттеріміз Жапония құрамасынан жеңіліп қалса, қыздарымыз – Франция құрамасына есе жіберді.
Командалық кездесулердің қорытындысы:
Жігіттер:
1-орын - Грузия
2-орын - Греция
3-орын - Украина, Жапония
Қыздар
1-орын - Жапония
2 -орын - Франция
3 -орын - Хорватия, Германия
Естеріңізге сала кетейік,…
12:43 | 28 қазан 2013
Қадірлі достар! Бүгін дүниежүзілік дзюдо күні!
1860 жылдың 28-і қазаны күні дзюдоның негізін қалаушы – Дзигоро Кано дүниеге келген.
Қазақстан дзюдо федерациясы атынан дзюдо спортының жанкүйерлерін бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!
Жапон жекпе-жегін серік еткен қазақ спортшыларының жеңісі арта берсін!
10:49 | 28 қазан 2013
Словения астанасы Люблянада дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі мәресіне жетті. Жас өрендер бас қосқан дүбірлі додада 90 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Самат Есен күміс жүлдеге иелік етті.
Самат Любляна татамиінде 5 жекпе-жек өткізіп, оның төртеуін мерзімінен бұрын, «иппон» әдісімен жеңді. Атап айтар болсақ, молдовалық Виктор Фулга, австриялық Лаурин Бехлер, венгр дзюдошысы Кристиан Тот және бразилиялық балуан Хенрике Сильвалардың Саматты…
15:47 | 27 қазан 2013
ТМД балуандарының басын тоғыстырған «Магнитка алаулары» халықаралық турнирінде Астана командасы жарқын өнерлерімен суырылып алға шықты. Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы А.Айдархановты еске алу құрметіне орайластырылған додада Астана командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды олжалады. 9 салмақ дәрежесі бойынша өткен байрақты бәсекеге 9 достастық елдерінің балуандары қатысты.
Жалпыкомандалық есепте астаналықтар бірінші, украиналық балуандар екінші және Ресей спортшылары үшінші орынды қанағат тұтты.
Чемпион-команданың айтуларынша,…
13:19 | 27 қазан 2013
Люблянадағы дзюдодан жастар арасындағы әлемдік чемпионат шымылдығын жабады.
Жаһан біріншілігі жеке сайыстарының қорытындысы бойынша Қазақстан 17-ші орынға жайғасты.
Жалғыз «күміс» қазақстандық дзюдошы Самат Есеннің (90 кг) қанжығасында.
Қазақстандық балуандар – Мейірлан Баймаханбетов (60 кг) пен Айбек Серікбаевтар (100 кг) жалпы рейтингтің бесінші сатысына тұрақтады.
Ал қандастарымыз Дәурен Алдыназаров (66 кг), Еңлік Сатыбалды (44 кг), Айгүл Байқұлова (48 кг), Назира Ержанова…