Жастар арасындағы ел біріншілігі туралы пікірлер
Нұртазин Мухсин, «Дзюдо федерациясы» РҚБ рефери – директоры :
- Жарыс үш күн қатарынан жоғары деңгейде өтті. Біз көп жастарды байқадық. Соңғы жылдармен салыстырғанда, ауыр салмақтағы қыздарымыз жақсы нәтижелер көрсете бастағанын айта кеткен жөн. Енді Азия чемпионатында олар жақсы көрсеткіштерге жетеді деп үміттенеміз.
Ағайдаров Манарбек, «Жамбыл облысы дзюдо федерациясы» ҚБ президенті :
- Әр чемпионаттан өнерлі спортшылар шығып отырады. 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Хамзин мен Баймағамбетовты байқадым. Жалпы, Жамбыл облысында қазіргі таңда дзюдо жоғары деңгейде дамып келе жатыр. Біздің мақсатымыз, ауылдарда үйірмелер ашып, облыстық құрама командаға жастарды іріктеу. Осы жарыс біздің қалада, күзде ғана ресми түрде Елбасының қатысуымен ашылған «Тараз Арена» спорт кешенінде өтіп жатқаны бізді қуантады.
Есен Самат, дзюдодан жастар арасында ел чемпионы:
- Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарымның барлығы осал емес. Егер әр спортшы өз күшіне сенсе, жоғары жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.
0 пікірлер