Қозыбаевтың еншісінде қола медаль
Дзюдодан Прагада өткен халықаралық турнирде қазақстандық Әділхан Қозыбаев қола жүлдегер атанды.
Кіші финалда 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қозыбаев (суретте ақ жейдемен) Қырғызстан балуаны Шыңғыс Мәмедовті жеңді.
Ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі саналатын Ержан Шынкеев (+100 келі) қола медаль үшін өткен белдесуде Моңғолия балуаны Дууренбаяр Ользибаярдан ұтылып, 5-і орынға табан тіреді.
Осылайша, Чехия төрінде аяқталған «European Open» турнирінде Қазақстан құрамасы үш жүлдеге иелік етті. Бірінші жарыс күнінде 60 келіде сынға түсетін Айбек Имашев алтын, Ғұмар Қырғызбаев қола медаль жеңіп алған еді.
Өкінішке қарай, Варшавада өткен қыздар арасындағы «European Open» турнирінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары жүлдеге іліне алған жоқ.
0 пікірлер