Жаңалықтар
13:27 | 05 мамыр 2015
3-4 мамыр аралығында Орал қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованыеске алуға арналған халықаралық турнир өткізілді. Оған еліміздің 11 облысы мен Ресейден келген 176 спортшы қатысты. Жарыс жеңімпаздарына ҚР спорт шебері атағы және қаржылай сыйлықтар берілді.
16:37 | 04 мамыр 2015
Берлинде өткізілген «European Judo Cup» жарысында Мәди Амангелді күмісті қанжығасына байлады (73 келі), ал Айболат Ыстыбай (50 келі) , Ақылбек Ерден (55 келі) мен Қуан Барыс (66 келі ) қола медаль иегерлері атанды. Қыздардан Аида Карчаева ( 52 келі) жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды.
11:05 | 04 мамыр 2015
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының спортшыларына жаңа форма берілді.
Конфедерацияның төрағасы Т.А.Құлыбаевтың ұйымның алдына қойған негізгі сегіз бағыт-бағдарына ең заманауи талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық база жасақтау және оны нығайту жатады, соның ішіне спортшыларды толық қажетті киім-кешектермен қамтамасыз етуі де бар.
2015 жылдың маусымында бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және ауыр атлетика шеберлеріне мерекелік, жаттығу және желден сақтайтын киімнің…
15:02 | 29 сәуір 2015
Егер спорт кең дала десек, әйел – сол даладағы гүл, егер спорт ашық аспан десек, әйел –сол аспандағы жұлдыз, егер спорт мұхит десек, әйел –аққұшақ толқын, егер спорт ғажайып ғалам десек, әйел –сол ғаламдағы теңдессіз.
Несіп ЖҮНІСБАЕВ.
Несіп ағаның бұл сөзін неге жазып отырғанымызды түсінген боларсыздар. Бүгінгі күні спортты серік еткен нәзікжанды арулар қаншама?! Олардың арасында өзіміздің қарагөз қыздарда жетіп-артылады.…
16:38 | 28 сәуір 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, дзюдо күресінен еліміздің ұлттық құрама командасының мемлекеттік жаттықтырушысы Байжұманов Ержан Төкенұлын туған күнімен құттықтайды! Ержан Төкенұлы дзюдо күресінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы адал қызметі үшін алғыс айта отырып, ұжым атынан зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз.