Әлем чемпионатында командалық жарыс басталды!

12:01 | 30 тамыз 2015

Астана қаласындағы әлем чемпионаты командалық жарыспен аяқталады. 15 қыздар, 14 ерлер құрамасы әлемнің үздік командасы атағын сарапқа салады.

Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстанның қыздар құрамасы командалық жарыстың басты фавориті саналатын Моңғолия командасымен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліс тапты. Біздің командадан төрт қыз татамиге шыққан болатын. Ленария Мингазова, Назгүл Құбышева, Ділбар Өмірәлиева мен Гүлжан Исанова мықты қарсыластарына айтарлықтай қарсылыс таныта алмады.

Қазақстанның ерлер құрамасы жанкүйерлерін қуанта алды. Әзіз Қалқаманұлы, Самат Есен және Ержан Шынкеев кездесулерін "таза жеңіспен" аяқтаса, Дастан Ықыбаев "шидолар" бойынша қарсыласынан басым түсті. 66 келі салмаққа Австралия өз спортшысын қоспады. Осылайша біздің жігіттер 5:0 есебімен жеңіске жетті. Енді Қазақстан Жапониямен кездеседі.

Спортшыларға сәттілік!

фото - Жеңіс Ысқабай

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар