Жаңалықтар

21:29 | 12 сәуір 2015
10-12 сәуір аралығында Павлодар қаласында Қазақстан республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өткізілді. Оған еліміздің 15 облысы мен Қырғызстаннан келген 340 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша 1-ші орын алған дзюдошыларға спорт шебері атағы берілді және төмендегідей қаржылай сыйлықтар табысталды: I орын - 50 000 теңге II орын - 20 000 теңге III…
21:17 | 12 сәуір 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, дзюдо күресінен еліміздің ұлттық құрама командасының бапкері Раков Сергей Капитоновичті туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!
10:34 | 06 сәуір 2015
Тверь (Ресей) қаласында өткен Еуропа Кубогы мәресіне жетті. Жарыстың екінші күні Бейбіт Мадеев (81 келі) үшінші орын алды, ал қыздардан Камила Берліқаш (70 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.
17:14 | 05 сәуір 2015
Бүгін Астанада белгілі спортшылар «Жас батыр» спорт кешенінде жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді. Олардың қатарында жастар арасында дзюдо күресінен Азия чемпионы Әйгерім Әбілқадырова да болды. Ол жас дзюдошыларға өз күрес әдісін көрсетіп, Қазақстан дзюдо федерациясы атынан кимоно табыс етті. Өз сөзінде Әйгерім соңғы уақытта мемлекет тарапынан дзюдо күресінің дамуына ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтіп, Спорттық жекпе-жек және күш…
20:58 | 04 сәуір 2015
Тверь (Ресей) қаласында өтіп жатқан Еуропа Кубогында еліміздің жасөспірімдер құрамасы бақ сынап жатыр. Жарыстың бірінші күні Жанқожа Марат (66 келі) күміс жүлдені жеңіп алды, Айболат Ыстыбай (50 келі) мен Дамир Әбдеков (60 келі) үшінші орын алса, қыздардан Ақмарал Науатбектің (44 келі) еншісінде күміс жүлде, ал Аида Карчаева (52 келі) қола медаль иегері атанды.

Әлеуметтік желідегі парақшалар