Жаңалықтар

11:05 | 04 мамыр 2015
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының спортшыларына жаңа форма берілді. Конфедерацияның төрағасы Т.А.Құлыбаевтың ұйымның алдына қойған негізгі сегіз бағыт-бағдарына ең заманауи талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық база жасақтау және оны нығайту жатады, соның ішіне спортшыларды толық қажетті киім-кешектермен қамтамасыз етуі де бар. 2015 жылдың маусымында бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және ауыр атлетика шеберлеріне мерекелік, жаттығу және желден сақтайтын киімнің…
15:02 | 29 сәуір 2015
Егер спорт кең дала десек, әйел – сол даладағы гүл, егер спорт ашық аспан десек, әйел –сол аспандағы жұлдыз, егер спорт мұхит десек, әйел –аққұшақ толқын, егер спорт ғажайып ғалам десек, әйел –сол ғаламдағы теңдессіз. Несіп ЖҮНІСБАЕВ. Несіп ағаның бұл сөзін неге жазып отырғанымызды түсінген боларсыздар. Бүгінгі күні спортты серік еткен нәзікжанды арулар қаншама?! Олардың арасында өзіміздің қарагөз қыздарда жетіп-артылады.…
16:38 | 28 сәуір 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, дзюдо күресінен еліміздің ұлттық құрама командасының мемлекеттік жаттықтырушысы Байжұманов Ержан Төкенұлын туған күнімен құттықтайды! Ержан Төкенұлы дзюдо күресінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы адал қызметі үшін алғыс айта отырып, ұжым атынан зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз.
14:47 | 27 сәуір 2015
Ерлер құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков 24-30 тамыз аралығына Астанада өткізілетін әлем біріншілігіне дайындық барысы туралы және спортшылардың жетістіктері жайлы сұхбат берді. - Жыл басынан бері есептегенде ұлттық құраманың қоржынында 6 медаль бар, -дейді Ермек Имамбеков. Гран-при турнирлерінде Рустам Ыбраев (60 келі, қола, Дюссельдорф) пен Дастан Ықыбаев (73 келі, күміс, Тбилиси) және Ислам Бозбаев (90 келі, қола, Самсун) ерекшеленсе, Еуропаның…
11:36 | 27 сәуір 2015
Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында (http://www.datastat.si/IJF_media/) Астанада 24-30 тамыз аралығында өткізілетін әлем біріншілігіне журналистерді тіркеу басталды. Жарыс өткізілетін «Алау» мұзайдыны сарайында тілшілер қауымы үшін баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.

Әлеуметтік желідегі парақшалар