Әлем чемпионатындағы командалық жарыстың жеребесі тартылды

17:08 | 29 тамыз 2015

Ертең сағат 10:00-де басталатын қыздар және ерлер арасындағы командалық жарыстың жеребесі тартылды. Ұлттық құрама командалар арасындағы бәсекемен әлем чемпионаты өз мәресіне жетеді.

Дзюдодан Қазақстанның қыздар құрамасы алғашқы кездесуінде Моңғолиямен кездеседі. Осы жұптың жеңімпазы Оңтүстік Корея - Тунис арасындағы кездесуде мықты болғанмен бақтарын сынайды.Жалпы қыздар жарысына 15 құрама қатысуда.

654321

Қазақстанның ерлер құрамасы алғашқы белдесуін австралиялық дзюдошылармен өткізеді. Егер жеңіске жетіп жатсақ, Жапония командасына қарсылас атанамыз.

4546

Қазақстан құрама командасына сәттілік тілейміз!

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар