Жаңалықтар

21:01 | 19 желтоқсан 2016
Алматыда Дзюдо академиясында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған жаттықтырушыларға арналған техникалық семинар аяқталды. Жаттықтырушыларға арналған семинар Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті мен Қазақстан Дзюдо Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. 14-19 желтоқсан күндері семинарды Австриядан келген IJF өкілі Дани Джордж ағылшын тілінде өткізді. Семинар мақсаты– дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға…
11:34 | 17 желтоқсан 2016
Қазақстан дзюдо федерациясы төрешілік жөніндегі директор Нұртазин Мұхсинді туған күнімен құттықтайды! Отбасына амандық, деніне саулық, жұмысына толағай табыс тілейміз!
10:24 | 16 желтоқсан 2016
Қазақстан дзюдо федерациясы баршаңызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтайды! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, көк туымыз биікте желбіресін!
22:36 | 15 желтоқсан 2016
Алматыдағы дзюдо академиясында халықаралық дзюдо федерациясының арнайы өкілінің қатысуымен жаттықтырушыларға арналған семинар өтіп жатыр. Семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жаттықтырушылар қатысып, біліктілігін шыңдауда. Австриядан келген IJF өкіліне шәкірт болып жүрген жаттықтырушыларымыз семинардың алғашқы күнінде алған әсерлерін жасырмады. "Деңгейі жоғары семинар жаттықтырушылардың біліктілігін арттырып қана қоймай, елімізде дзюдоның дами түсуіне сүбелі үлес қосады" - дейді Маңғыстау облысынан келген білікті бапкер, Маңғыстау облысында…
00:14 | 15 желтоқсан 2016
Алматыда 14 желтоқсан күні ҚР Дзюдо Федерациясының ұйымдастыруымен дзюдодағы жаңа өзгерістерге байланысты баспасөз жиыны өтті. Жиын барысында Халықаралық Дзюдо Федерациясының өкілі Дани Джордж журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. ҚР Дзюдо Федерациясы дамуы жөніндегі директор Асхат Житкеев 14-19 желтоқсан аралығында өтетін жаттықтырушыларға арналған курстың мақсаты, сонымен қатар дзюдодағы жаңа өзгерістерге қатысты өз пікірін айтып өтті. Баспасөз жиынынан кейін ҚР Дзюдо…

Әлеуметтік желідегі парақшалар