Қазақ құрамасы бесінші орынға тұрақтады
Ерлер құрама командасы әлем чемпионатында командалық сында жүлдеге бір табан жақын болған еді.
Қола медаль үшін Ғабит Есімбетов, Жансай Смағұлов, Әзіз Қалқаманұлы, Самат Есен және Макси Раковтардан жасақталған Қазақстан құрамасының бестігі азулы Моңғолияға қарсы татамиге шықты. Өкінішке орай, тамыздың 24 мен 30 аралығында елордамызда өткен әлем чемпионаты біздің еліміз үшін сәтті басталғанымен, табысты аяқталмады.
Моңғолияға қарсы кездесуде тек Максим Раков қана қарсыласынан басым түсе алды. Бұл жол қазақстандық спортшысы үнемі кездесіп жүрген атақты Тувшинбаяр Найданды жеңді.
Командалық есепте Жапония құрамасы чемпион атанса, Оңтүстік Корея күміс медальді иеленді. Грузия және Моңғолия құрамалары қоладан алқа тақты. Қыздар сынында да жапондықтарға тең келер ешкім болмады, екінші орынды Польша иеленді. Ресей және Германия үшінші орынды місе тұтты.
Фото - Жеңіс Ысқабай
0 пікірлер