Жаңалықтар
17:18 | 28 қаңтар 2016
Биыл әлемнің спорт қауымдастығы үшін ең маңызды деп есептелетін Олимпиада ойындары өткізіледі. Осы байрақты бәсекеге еліміздің дзюдо күресінен ұлттық құрамасы тыңғылықты дайындалуда. Жарты жылдың ішінде команда лицензия алу үшін ұпайлар беретін бірқатар жарыстарда бағын сынап көрмек. Қазір ерлер командасы Жапонияның Токай университетінде оқу-жаттығу өткізіп, шеберліктерін шыңдап жатыр. Біз бас бапкер Ермек Әбуұлымен телефон арқылы тілдестік.
Ермек Әбуұлы, байрақты бәсекеге аздаған…
10:38 | 22 қаңтар 2016
2015 жылы Астанадағы әлем чемпионатының финалына шыққан қос қазақ Елдос Сметов пен Рустам Ибраев биыл олимпиада жолдамасына таласады.
Берікбол ТӨЛЕГЕН
Дзюдодан 2015 жылғы әлем чемпионатының финалында екі қазақстандық спортшы белдесті. Олар — 60 келіде ел намысын қорғайтын Елдос Сметов пен Рустам Ибраев. Тең деңгейде өткен кездесуде бір шидомен Елдос Сметов алтын медальға ие болса, Рустам Ибраев күміс жүлдені місе тұтқан…
17:30 | 20 қаңтар 2016
Бүгін дзюдо федерациясының құрметті президенті, жалпы еліміздің спорт саласының дамуына орасан зор үлесін қосқан Махмутов Бекет Сапабекұлының туған күні. Бекет ағаны федерация ұжымы атынан туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз!
14:10 | 18 қаңтар 2016
30-31 қаңтар арасында Болгария астанасы София қаласында«European Judo Open» халықаралық жарысы өткізіледі, оған еліміздің командасы келесідей құрамда қатысады:
Ерасыл Сәкенұлы (66келі)
Гаухар Тұрмаханова (52 келі)
Назгүл Құбашева (57 келі)
Зере Бектасқызы (70 келі)
Ділбар Өмірәлиева (70 келі)
Альбина Амангельдиева (78 келі)
Зарина Райфова (78 келі)
Айта кетейік, жарыстарға қатысатын спортшыларға қатысты өзгерістер болуы мүмкін
21:43 | 17 қаңтар 2016
Қаңтар айының 14 мен 17 аралығында Талдықорған қаласында 2001 – 2002 жылы туған жасөспірімдер арасында «Қысқы демалысқа» арналған дәстүрлі ашық республикалық турнир өткізілді. Оған еліміздің өңірлері мен Қырғызстаннан келген командалар қатысты. Жарыс 17 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Сонымен қатар, бүгін таңертеңнен кешке дейін спортшыларға арналған ашық жаттығу лагері ұйымдастырылып, оған 200-ге тарта дюдошы қатысты.