2016 жылдың 13 мамырында дзюдо академиясы салтанатты түрде ашылады

21:04 | 23 сәуір 2016

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Ағымдағы жылдың 13 мамырында сағат 15.00 Алматы қаласында дзюдо академиясының салтанатты түрде ашылу рәсіміне шақырамыз.

Жаңа академия барлық халықаралық талаптарға сай болады. Спорт кешенінде 4 татамиге арналған зал, тренажер залы, 100 адамға арналған жатақхана мен асхана орналасады. Оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының ғана спортшылары емес, дзюдо күресіне енді қызығушылық танытқан жеткіншектер де жаттығатын болады. Сонымен қатар, академия аясында халықаралық дәрежеде оқу-жаттығулар, шетелдік мамандардың қатысуымен семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру көзделген.

Естеріңізге салайық, құрылыстың алғашқы тасын қалауға Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысқан болатын.

Осы жолы салтанатты рәсімге ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, салтанатты ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін академиядан Гран При турнирі өтетін Балуан Шолақ спорт кешеніне дейін жету үшін тілшілерге арналған көлік болады. Жарыстың ресми түрде ашылуы сол күні сағат 16.30 жоспарланған.

«ФЕДЕРАЦИЯ ДЗЮДО» РҚБ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛЫҒЫ

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар