Сарыағашта ХІІ Халықаралық жарыс өтеді

17:49 | 29 сәуір 2016

3-7 мамыр аралығында Сарыағаш ауданы әкімінің жүлдесі үшін және «Нұр – Ораз» спорт кешеніне 12 жыл толуына орай Дзюдо күресінен 1998-1999, 2000-2001 жылы туылған жастар мен жасөспірімдер арасында ХІІ Халықаралық жарыс болады. Аталмыш жарыс ОҚО Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесіндегі «Дене шынықтыру сауықтыру» кешенінде өтеді.

Сондай-ақ, жарыстың мақсаты – дзюдо күресін жасөспірімдер арасында насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау және де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын кең көлемде атап өту.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар