Жаңалықтар

15:07 | 26 желтоқсан 2015
2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдошы Асхат Жіткеев философия докторы атанды. Оның ғылыми еңбегінің тақырыбы: «Дзюдошылар дайындығында қазіргі заманғы технологияларды қолдану». Естеріңізге салайық, Асхат Жіткеев Қазақстан дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры болып қызмет жасайды. Ол өңірлерде бапкерлерге арналған семинарлар өткізумен айналысады. Сонымен қатар, ел дзюдошыларының дайындығына белсенді түрде ат салысып, халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарда қазақ құрамасымен бірге барып, спортшыларға…
12:48 | 23 желтоқсан 2015
6-10 желтоқсан аралығында Ресейдің Санкт – Петербор қаласында дзюдо күресінен аранайы Олимпиаданың ұйымдастыруымен ашық еуропа турнирі өткізілді. Қазақстан намысын қорғаған 5 спортшы жеңіске жетті, атап айтсақ, бірінші орын Серік Ахметтің еншісінде, Абылайхан Қалиев пен Данияр Сейітов екінші орын алса, Дана Саутова мен Әлішер Азнабақиев қола жүлделерді жеңіп алды. Жарысқа 11 мемлекеттен 90 дзюдошы қатысқан (Қазақстан, Өзбекстан, Эстония, Бельгия, Норвегия, Швеция,…
12:18 | 16 желтоқсан 2015
Құрметті дзюдо күресінің жанкүйерлері, баршаңызды дзюдо күресінің қауымдастығы атынан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Еліміздің өркендеп дами беруін, тұрақтылықтың сақталуын, халық арасында ынтымақтың арта беруін тілейміз. Елімізің дзюдо күресінен ұлттық құрама командалары елімізді әлемге таныта беруге бар күшін салатындары сөзсіз және туымыздың әлемнің айтулы спорт алаңдарында жиірек көтерілуін тілейміз!
13:22 | 15 желтоқсан 2015
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дзюдо федерациясының президенті Рақышев Кеңес Хамитұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. Тәуелсіздік күні қарасаңында берілген «Құрмет» ордені экономика мен әлеуметтік салаға, ғылым мен мәдениетке, жалпы қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде араласқаны үшін берілетін марапат.
15:24 | 14 желтоқсан 2015
Алматы қаласында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы Ахмет Байтұрсыновты еске алуға арналған жасөсіпірмдер арасында дзюдо күресінен республикалық жарыс өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар қатысып, ұлдар 46,50,55,60,66,73,81,90 келіге дейінгі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде, ал қыздар 44,48,52,57,63,70 келіге дейінгі және70 келіден жоғары салмақта бақ сынасты.

Әлеуметтік желідегі парақшалар