Жаңалықтар

13:30 | 08 желтоқсан 2015
Талдықорған қаласында Тəуелсіздік күніне және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұқанғали Бекмұханбетовты еске алуға арналған дзюдодан 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында дәстүрлі ашық республикалық турнир өткізілді. Оған еліміздің 10 облысынан жəне Қырғызстан мен Өзбекстаннан 400-ден аса спортшы қатысты. Хаттама сайттың «нәтижелер» бөлімінде.
13:25 | 07 желтоқсан 2015
28 қараша мен желтоқсан айының 6 күндері Шымкент қаласында бапкерлердің біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен дзюдо күресінің жаттықтырушылары жиналды. Шара барысында дзюдо терминологиясы мен оның еліміздегі дамуы барысы және тағы да басқа да тақырыптарда дәріс оқылып, тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.
14:43 | 06 желтоқсан 2015
Жапонияның астанасы Токио қаласында өткізіліп жатқан «Үлкен дулыға» жарысында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Максим Раков бесінші орынға табан тіреді. Алдымен ол мексикалық Гарсио Сергионы, мұнан соң Бразилия балуаны Корреа Лусиано жеңді. Одан кейін француздық Маре Сирильмен кездесіп, жеңіліс тапты. Алайда Максим жұбаныш белдесуге мүмкіндік алып, өзінің басты қарсыластарының бірі Моңғолияның мықты спортшысы, Олимпиада жеңімпазы Найдан Тувшинбаярды жеңді. Үшінші орынға…
11:44 | 06 желтоқсан 2015
Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада ойындарының күміс (Бейжің, 2008ж.) жүлдегері Асхат Жіткеевтің жеке жаттықтырушысы Саламатов Жексембай Нұрлыбайұлын бүгінгі туған күнімен дзюдо федерациясының ұжымы атынан құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Жарыс жолында спортшыларыңыз жеңістерімен қуантсын!
18:59 | 26 қараша 2015
Бүгін қазақ құрамасының белді мүшелерінің бірі Сергей Лимнің туған күні. Спортшыны туған күнімен құттықтай отыра, алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз.

Әлеуметтік желідегі парақшалар