Павлодар облысындағы дзюдо күресінің даму қарқыны

18:24 | 02 мамыр 2016

Жақында Павлодар қаласында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық дәрежеде өткен турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғыстан мен Грузиядан 400-ден астам спортшы келді. Айта кету керек, қазіргі таңда Павлодар өңірінде дзюдо күресі қарқынды түрде дамып келе жатыр. Оған себеп осы спорт түріне деген демеушілердің бет бұруы. Мәселен, жарыс қарсаңында облыстық дзюдо федерациясының басшысы Сәриев Ерсін Берікұлы және өңірлік федерациясының вице-президенті Исин Бейбіт Нұрашұлы демеушілік танытып бірқатар спортшыға 100 мың теңгеден қаржылай сыйлық таратты. Кейбіріне тіпті кимоно сыйлады. Ал, ұлттық құрама сапындағы жеті спортшы мен бірқатар бапкерлерді өз қаражаттары есебінен жарыс уақытында тұратын орынмен, тамақпен қамтамасыз етті. Жарыс өткізілген зал да жаңа форматта безендіріліп, «KAZSPORT» телеарнасынан көрсетілуі үшін барлық жағдай жасалынды.

3e0519cb38ef29f0df6721bcfcc2ccb2.JPG

Сонымен қатар, кезінде өзі де дзюдо күресімен айналысып, елге таныла білген және кейіннен дзюдо күресінен жаттықтырушы болған Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы, халықаралық дәрежедегі төреші, Айдашев Марат Сұлтанбекұлы да бүгінгі таңда осы спортқа ерекше көңіл бөліп келеді. Аталмыш турнирге республикалық дзюдо федерациясы жоғары бағасын бергендіктен, келешекте де осы тәріздес турнирлерді Павлодар қаласында өткізуге рұқсатын бермек. Мәселен, келесі жылы Батырбек Сейсенбаев атындғы жарыс 20-шы рет ұйымдастырылмақ. Осыған байланысты республикалық дзюдо федерациясының басшылығы осы жарысты және ел біріншілігін Павлодарда өткізу мәселесін жан-жақты қарастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, осы жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орын алған спортшыларға ҚР спорт шебері атағы берілді. Аталмыш турнир еліміздегі ел біріншілігінен бөлек, ҚР спорт шебері дәрежесі берілетін төрт турнирдің қатарында.

9dfc9eea1129ec5374c3dd96d03a4a85.JPG

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар