Жаңалықтар
14:40 | 03 қыркүйек 2018
                
                
	Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Айдын СмағұловOlympic.kzсайтына сұхбат беріп, Джакартадағы Азия ойындарына нүкте қойды.
	  «Біз Азиададан 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль аламыз деген мақсат қойғанбыз. Сол жоспар толықтай орындалды. Төрешілер қателігінен біраз ұпайымыз есептелмей қалды. Алтынға басты үміткер Елдос Сметовтің жарақаты да алаң болды біз үшін. Қуанышқа қарай, бәрі жақсы аяқталды. 81 келідегі Дидар Хамза Джакарта төрінде…
                    
                16:47 | 01 қыркүйек 2018
                
                
	     Дзюдодан Қазақстан құрама командасы аралас  командалық жарыста Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
	     Қазақстанстандық дзюдошылар ширек финалда Үндістан командасын 4:0 есебімен таза жеңіп, уақытынан бұрын жарысты аяқтады. Ал жартылай финалда Өзбекстан құрамасынан 4:3 есебімен басым түсіп, финалға шықты. Финалдық кездесуде Жапония құрамасына 4:0 есебімен жол берген қазақстандықтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
	     Аралас командалық жарысқа Қазақстан құрамасынан Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев,…
                    
                16:36 | 31 тамыз 2018
                
                
	   Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш финалында Моңғолия спортшысы Мунхтуя Баттулганы жеңіп, ел қоржынына дзюдодан Азия ойындарының үшінші қоласын салды.
	   Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Джакартада дзюдодан Дидар Хамза чемпион атанса, Отгонцэцэг Галбадрах, Елдос Жұмақанов қола медаль алған  болатын.
                    
                17:23 | 30 тамыз 2018
                
                
	  Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдошымыз Дидар Хамза 81 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.
	  Ол алғашқы белдесуде тайланд дзюдошысы Масаюки Тераданы, ал ширек финалда моңғолиялық Уганбаатар Отгонбаатарды жеңіп,  жартылай финалға  шықты. Жартылай финалда жапон жампозы Такеши Сасакиді уақытынан бұрын иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Финалдық белдесуде отандасымыз әлем рейтінгінде бірінші орында тұрған Иран спортшысы Саид Моллоиден…
                    
                12:33 | 30 тамыз 2018
                
                
	Қазақстандвқ дзюдошы Дидар Хамза Азия ойындарының финалына шақты. 81 келіге дейін күресетін отандасымыз жартылай финалда жапониялық Такеши Сасакиді уақытынан бұрын таза жеңіп, финалға жолдама алды.
	Ал бұрымды балуандарымыздан Севара Нишанбаева мен Зере Бектасқызы қола медаль үшін  жұбаныш финалында белдеседі.
	Финалдық кезеңдер Астана уақытымен сағат 15:00- де басталады.
                    
                 
        

