Нарбаев пен Тынбаева Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі
Багама аралдарының астанасы Нассау қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бірінші жарыс күнінің ірктеу кезеңдері аяқталды. Қазақстан сапынан татамиге 5 дзюдошы қатысып, оның екеуі Әлем чемпионатының жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алды.
Қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан жастар құрамасынан 2 дзюдошы қатысты. Ақмарал Науатбек грузиялық Наталья Кипшидзені ұтқанымен, екінші айналымда ересектер арасындағы Әлем чемпионы Дарья Белодидке есе жіберіп, жарыстан шықты. Ал дәл осы салмақта белдескен екінші спортшымыз Ғалия Тынбаева Әлем чемпионатына екінші айналымда қосылды. Алғашқы кездесуінде марокколық Шайми Эддинариді жеңіп, ширек финалға шықты. Ал жартылай финалдық жолдама үшін ересектер арасындағы әлем чемпионы украиналық Дарья Белодидпен күресіп, иппон ұпайымен есе жіберді.
Осылайша, жұбаныш белдесуінде франциялық Юля Мори Уил Диттті иппонмен ұтып, жарыстың қола жүлдесі үшін күресетін болды.
Ал ұлдар арасында келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан отандасымыз Дамир Болатбеков алғашқы белдесуінде қырғыз балуаны Кубанучбек Айбекуулуна жеңілді. 60 келіге дейінгі салмақта күрескен Арслан Есенгел бірінш қарсыласы АҚШ спортшысы Дэвид Агогляны жеңгенімен, екінші қарсыласы француз Гоуффон Юхоницеге жол берді.
Жастар арасындағы Әлем чемпионатының бірінші күніндеҚазақстан құрамасынан ең нәтижелі күрес көрсетіп келе жатқан Бауыржан Нарбаев қола үшін белдеспек. Ол бірінші елдесуінде түркиялық Михраж Аккусты, кейін гонконгтық Лау Мартинді жеңді. Алайда, ширек финалда жапон жампозы Кога Генкиден айласын асыра алмады. Бірінші жұбаныш белдесінде Борс Думитреций Люцианды иппонмен ұтып, Чемпионаттың қоласы үшін белдеседі. Отандасымыздың келесі қарсыласы бразилиялық Ренан Торрес.
Әлем чемпионатының финалдық кезеңі Астана уақытымен түнгі 2–де басталады.
0 пікірлер