Ғалия Тынбаева Әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі

00:11 | 18 қазан 2018

Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Нассауда (Багама) өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі.

Әлем рейтингінде екінші нөмерде тұрған Ғалия жарысқа екінші айналымда қосылды. Отандасымыз алғашқы кездесуінде марокколық Шайми Эддинариді жеңіп, ширек финалға шықты. Ал жартылай финалдық жолдама үшін ересектер арасындағы әлем чемпионы украиналық Дарья Белодидпен күресіп, иппон ұпайымен есе жіберді.

Осылайша, жұбаныш белдесуінде франциялық Юля Мори Уил Диттті иппонмен ұтып, жарыстың қола жүлдесі үшін күресетін болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар