Жаңалықтар

11:39 | 04 маусым 2018
2-3 маусым күндері Испанияның Мадрид қаласында дзюдодан Еуропа ашық кубогы өтті. Мадрид татамиінде 47 елден 397 татами шеберлері жиналған жарысқа Қазақстан құрамасынан 10 дзюдошы қатысты. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэцг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болып, Қазақстан құрамасы бір қола медальмен жалпы командалық есепте 13-ші орынмен жарысты аяқтады. Еуропа ашық кубогының басты фавориттерінің бірі…
20:07 | 01 маусым 2018
2-3 маусым күндері Австрияның Лайбинц қаласында жастар арасында дзюдодан кезекті Еуропа кубогы өтеді. Аталмыш жарысқа Қазақстан жастар құрамасынан 30 жас татами шебері қатысады. Олар: Қыздар: Ғалия Тынбаева (48 кг) Диана Аипова (52 кг) Нұрсұлу Ералиева (52 кг) Жадыра Амиртаева (52 кг) Аида Карчаева (57 кг) Меруерт Сарсенова (57 кг) Мөлдір Нарынова (70 кг) Назерке Тілеуханова (78 кг) Ұлдар: Дамир Болатбеков…
10:53 | 01 маусым 2018
2-3 маусым күндері Испанияның Мадрид қаласында дзюдодан кезекті Еуропа ашық кубогы өтеді. Еуропа кубогына 50 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Аталмыш додадаға Қазақстан сапынан 10 дзюдошы бақ сынайды. Ерлер: 1.Рамазан Мамаев (60 кг) 2.Сұңғат Жұбатқан (66 кг) Әйелдер: 1.Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) 2.Абиба Абужақынова (48 кг) 3.Назгүл Елмұратова (52 кг) 4.Севара Нышанбаева (57 кг) 5.Ақниет Тұрдан (63 кг)…
10:59 | 30 мамыр 2018
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қытайда өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, жарыста І орын алған дзюдошы 700 ұпай, ІІ орын алған дзюдошыға 490 ұпай, ІІІ орын алған дзюдошылар 350 ұпайға ие болады. Жарыс чемпионы атанған Елдос Сметов жаңа рейтингте 21-ші орыннан 11-ші орынға көтерілсе, осы жарыста күміс жүлдеге ие болған Ғұсман…
16:48 | 25 мамыр 2018
Бүгін Хоххотта (Қытай)дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі басталды. Әлемнің 46 елінен 361 дзюдошы 7 салмақ дәржесеніде бақтарын сынап жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде жеңіл салмақтағы балуандар, атап айтқанда, ерлер -60 кг, -66 кг, әйелдер -48 кг, – 52 кг, -57 кг салмақ дәрежесінде белдесті. Қазақстан ұлттық құрамасынан 4 дзюдошы татамиге шығып, үш медаль қоржынға салды. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта…

Әлеуметтік желідегі парақшалар