Жанболат Бағтбергенов – Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Нассауда (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында өтп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Жанболат Бағтбергенов қола жүлдені жеңіп алды. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз жұбаныш финалында ресейлік Дэвид Гамасовты вазари ұпайымен ұтты.
Жанболат Әлем чемпионатында жалпы 6 кездесу өткізіп, оның 5-еуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде алғашқы қарсыласы Ли Уок Уинді (Гонконг) вазаримен, кейін колумбиялық Лэйдар Наварро мен тәжікстандық Сомон Махмадбековты иппон ұпайымен жеңді. Ал ширек финалда түрік балуаны Билал Гилоглуға ұтылғаннан кейін Жанболатқа жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік берілді. Жұбаныш белдесуінде бірінші бельгиялық Малик Абдул Умаевтан, шешуші кезеңде ресейлік жас дзюдошы Дэвид Гамосовтан вазари ұпайын еншіледі.
Нәтижесінде, Жанболат Бағтбергенов Нассауда дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды. Жылдың ең маңызды додасы саналатын Әлем біріншілігіне әлемнің 67 елінен 426 жас татами шебері қатысып жатыр. Жарыс 21-қазанға дейін жалғасады.
0 пікірлер