Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді
13-16 қараша күндері Астанада қаласында «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Чемпионатқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Жарыс нәтижесінде Қазақстан Чемпионатында жеңімпаз атанған спортшылардан 2019 жылғы дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы жасақталады. Астанада өтетін Қазақстан чемпионатын «QazSport» арнасы көрсетеді.
Назарларыңызға Қазақстан Республикасының Чемпионатының жарыс кестесін ұсынамыз:
13 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -60кг, -66кг;
Әйелдер: -48кг, -52кг;
16:00 – Жарыстың ашылу салтанаты
16:30 – Финалдық белдесулер
14 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -73кг,-81кг;
Әйелдер: -57кг, -63кг, -70кг;
16:00 – Финалдық белдесулер
15 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -90кг, -100кг, +100кг;
Әйелдер: -78кг, +78кг;
16:00 – Финалдық белдесулер
16 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Аралас командалық сайыстар
-57 кг, -70 кг, +70 кг, -73 кг, -90 кг, +90 кг;
0 пікірлер