Жаңалықтар
12:00 | 31 тамыз 2013
Кеше, 30 тамызда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) дзюдодан әлем чемпионатының бесінші күнгі жарыстары жалғасты.
Қазақстан құрамасының атынан бұл күні үш спортшы өнер көрсетті: 90 кг дейінгі салмақ санатында Ислам Бозбаев өзінің екінші кездесуінде жапон спортшысы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Масаси Нишияманы жеңді, бірақ үшінші кездесуде литвалық Каролис Бауцадан жеңіліп қалды.
Ал спортшы Анар Сейтімова 78 кг дейінгі салмақ санатындағы бірінші кездесуінде-ақ британдық…
08:00 | 30 тамыз 2013
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан дзюдодан әлем біріншілігінде кеше, 29 тамыз күні төртінші салмақ санаты бойынша жарыстар жалғасты. Қазақстан құрамасынан атынан бұл күні татамиге бір ғана спортшы – Дәулетхан Жақыпов шықты. Өкінішке орай, біздің спортшы іріктеу айналымынан шыға алмады: ол исландиялық Свейнбьёрн Иурамен болған бірінші кездесуді иппонмен аяқтағанымен, екінші кездесуде швед Робин Пасекадан жеңіліп қалды. Сөйтіп, Дәулетхан жарыс жолынан шығып қалды.…
17:00 | 29 тамыз 2013
Қазақстанның табиғаты тамаша жерінде, Бурабайда біздің дзюдошыларымыз оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Олардың қатарында алдағы Әлем чемпионатына дайындалып жатқан ұлттық құраманың атлеттері де бар. Максим Раков, Сергей Лим және басқа дзюдошылар Чемпионаттың қарсаңында сұхбат беруден бас тартты. Бұл спорттың барлық түріндегі ырым, спортшылар алдын-ала болжам жасағанды ұнатпайды. Бірақ дзюдо «жұлдыздарымен» бірге жаттығып жатқан ұлттық құраманың болашақ чемпиондарымен сұхбаттаса алдық.
Елдос Жұмаханов 23…
16:00 | 29 тамыз 2013
Айбек Имашев, дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, бірнеше халықаралық жарыстардың жүлдегері. Жақында ғана 21 жасқа толған ол жастар құрамасынан ересектер қатарына биыл ауысып отыр.
-Ересектер командасындағы жағдайыңыз қалай?
- Өте жақсы. Бір жағынан сол баяғы бапкерлерім қалды, және ұлттық құрамада жаттығып жатырмын. Бұл жаттықтырушылар штабымен 2009 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Сол баяғы ырғақпен, сол баяғы құрамамен жаттығудамын. Білмегенімді…
10:00 | 29 тамыз 2013
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында кеше, 28 тамызда Қазақстанның атынан бір ғана өкіл өнер көрсетті, ол - 73 кг дейінгі салмақ санатындағы Дастан Ықыбаев. Мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті сезінген біздің спортшы жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің сенімдерін ақтауға бар күш-жігерін салды.
Бірінші айналымда Қытай, одан кейін Изариль спортшысын жеңген Дастан, грузин спортшысы Таталашвилимен болған кездесуде де жеңіске деген барлық еркін…