Жаңалықтар

16:00 | 09 қыркүйек 2013
12-13 қыркүйекте, Ақтау қаласының мерейтойлық шаралары аясында қала әкімінің Кубогы үшін 2000-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдо жарысы өтеді. Әкімдік басшылығы Ақтау тұрғындары үшін биыл Қала күніне орай бірнеше спорттық шара дайындап отыр. Және спорт түрлері бойынша өтетін жарыстарға кез-келген тұрғын қатыса алады, осы мақсатта жазылу арнайы жазылу жүргізіледі. Ұйымдастырушылар халық арасында кең таралған спорт түрлері бойынша ашық турнирлер бағдарламасын әзірлеп…
12:00 | 04 қыркүйек 2013
Кеше түнде, 3 қыркүйекте, дзюдодан Қазақстанның ұлттық құрамасын қарсы алу үшін Алматы әуежайында туған–туыстары, достары және жанкүйерлері жиналды. Әбден шаршаған спортшылар алған әсерлері мен алдағы жоспарлары туралы көпшілікпен қуана бөлісті. Әлемдік біріншіліктің күміс жүлдесін олжалаған Азамат Мұқанов екі жыл бұрын самбоны тастап, дзюдомен айналысуды бастаған еді. Мұндай шешімге келуге дзюдоның олимпиадалық статусы әсер еткен. Ел қоржынын медальдармен толтыруды жалғастыру балуанның…
14:00 | 02 қыркүйек 2013
1 қыркүйекте, Рио-де-Жанейродағы (Бразиия) дзюдодан ересектер арасында аяқталған әлем чемпионатының соңғы күнінде Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылар комиссиясының жаңа төрағасы ресми түрде жария етілді. Жаңа лауызымның иесі француз дзюдошысы Тедди Ринер. Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Ринер 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде татами қожайыны Рафаэль Силваны финалдық тартыста жеңіп, дзюдодан әлем чемпионы атанды. Сонымен, Ринер әлемнің жеті дүркін чемпионы, сондай-ақ 2012…
10:00 | 02 қыркүйек 2013
Дзюдодан болып жатқан халықаралық әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы дода Рио-де-Жанейроның (Бразилия) «Maracanãzinho Arena» спорт кешені аумағында 26 тамыз бен 1-ші қыркүйек аралығында өтті. 124 елдің 776 дзюдошысы өзара мықтыларын анықтады. Жеке белдесулер мен екі командалық жарыста барлығы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Бұдан былай командалық белдесуді 2016 жылғы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына қосу мәселесі көтерілуде. Себебі төрешілердің жаңа ережесі…
12:00 | 01 қыркүйек 2013
Алты күнге созылған дзюдодан әлем чемпионатына біздің ұлттық құраманың атынан 15 спортшы қатысты. Жарысты қорытындылайтын болсақ: Қазақстан чемпионатты жеке есеп бойынша төрт жетістікпен, оның ішінде бір «күміс» жүлдемен аяқтап отыр. «Күміс» алқаны 66 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Азамат Мұқанов жеңіп алды. Дастан Ықыбаев 73 кг дейінгі салмақта бесінші орын алса, 60 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Елдос Сметов…

Әлеуметтік желідегі парақшалар