Алдыназаров – әлем чемпионатының үздік жетілігінде

10:51 | 25 қазан 2013

Кеше,24 қазанда словениялық Люблянада дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар бақтарын сынады:

66 кг -Дәурен Алдыназаров

73 кг -Қайрат Ағыбаев

52 кг -Әсел Қайсарова, Айкүнім Түйтекова

57 кг -Анна Старченко, Севара Нишанбаева

Өкінішке орай, біздің балуандар финалдық тартыстың жолдамаларынан құр алақан қалды. Байрақты бәсекенің нәтижесі бойынша Дәурен Алдыназаров жарыс кестесінің жетінші орнына тұрақтады.

Бүгінгі белдесуге келесі спортшылар шығады:

81 кг- Әзиз Қалқаманұлы

90 кг -Самат Есен

70 кг -Зере Бектасқызы

Жарыс кестесі мен қарсылас жұптардың тізімін мына.жерден оқи аласыздар.

Әлем біріншілігін онлайн режимінде ippon.tv. сайтынан көруге мүмкіндік жасалған.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар