Жаңалықтар

17:43 | 26 қаңтар 2017
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов халықаралық дзюдо федерациясы рейтингінде 60 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынға шықты. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) рейтингі 2017 жылы қаңтардың 23-і күні жарияланды. Әлемдік рейтингті 1852 ұпаймен қазақстандық атлет Елдос Сметов бастап тұр. Үздік үштікке өзбекстандық Диорбек Урозбоев (1772 ұпай) пен әзербайжандық Орхан Сафаров (1772 ұпай) енген. Ал Рио олимпиадасының финалында Сметовті жеңген ресейлік Беслан Мудранов…
15:16 | 25 қаңтар 2017
«Астана қаласы дзюдо федерациясы» ҚБ президенті Нигметов Айдар Сағадиұлы өз еркімен қызметінен кетуіне байланысты қалалық федерация басшылық құрамы өзгерді. Бүгін, 25 қаңтар күні «Астана қаласы дзюдо федерациясы» ҚБ президенті қызметіне Есин Данияр Нұрашұлы ресми түрде тағайындалды. Данияр Нұрашұлы Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы қызметін де атқарады. Тағайындау барысында ҚР Дзюдо федерациясының вице-президенті Маратбек Мықтыбеков Айдар Сағадиұлына елімізде дзюдоның дамуына…
11:06 | 25 қаңтар 2017
Бүгін Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы Галбадрах Отгонцэцэгті туған күнімен құттықтап, отбасына амандық, деніне саулық және жарыс жолында толағай табыстар тілейді!
21:23 | 24 қаңтар 2017
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша, 60 келіде Елдос Сметов 1852 ұпаймен көш бастап тұр. 1772 ұпаймен өзбекстандық дзюдошы Диорбек Урозбоев екінші орында тұрса, Сафаров Орхан (Әзірбайжан) 1772 ұпаймен үздік үштікті қорытындылаған. Моңғолия спортшысы Дашдаваа Амартувшин 1716 ұпаймен төртінші, Ким Вон Жин 1690 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.
10:12 | 20 қаңтар 2017
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Махмұтов Бекет Сапабекұлының туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясының ұжымы Бекет Сапабекұлын туған күнімен құттықтай отыра, деніне саулық, отбасына амандық тілейді!

Әлеуметтік желідегі парақшалар