Сәттілік тілейміз!

12:49 | 23 қазан 2013

Бүгін Люблянада (Словения) мықтылар бағын сынайтын дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты шымылдығын түреді. Байрақты бәсекенің боз кілеміне көтерілетін балуандарымызға ақ жол тілейміз!

Әлемдік біріншілікке 75 елдің 610 жас спортшысымен қоса, Нұрбол Сүлейменов пен Жанат Нұртазина жетекшілік ететін Қазақстанның жастар құрамасы да ат салыспақ. Біздің балуандардың алғашқы белдесудегі қарсыластары нақтыланды. ҚР Дзюдо федерациясы оқырмандар назарына қазақ балуандарына қарсы тұратын жұптардың тізімін ұсынып отыр.

Ерлер:

55 кг с/д дейін:

Жақсылық Мұсырманов – Мехман Садигов (Әзірбайжан)

Асылжан Сейдуәлі – Ставрос Пасчалидес (Кипр)

60 кг с/д дейін:

Мейірлан Баймағамбетов – Егор Мгдсян (Ресей)/Лукас Рейтер (Австрия) арасындағы жеңімпазбен кездеседі

66 кг с/д дейін:

Дәурен Алдыназаров – Миколас Лукошевичус (Литва)

73 кг с/д дейін:

Қайрат Ағыбаев – Юсей Ивабучи (Жапония)

81 кг с/д дейін:

Әзиз Қалқаманұлы - Балаш Винче (Венгрия)

90 кг с/д дейін:

Самат Есен – Виктор Фулга (Молдова)

100 кг с/д дейін:

Әділхан Қозыбаев – Л.А. Смит (АҚШ)

Айбек Серікбаев – Алехандро Мерло (Аргентина)

100 кг с/д жоғары:

Дәурен Нұралинов – Рю Юнсук (Оңтүстік Корея)


Қыздар:

44 кг с/д дейін :

Еңлік Сатыбалды – Севда Ерылмаз (Түркия)/Эстефания Сориано (Доминикан Республикасы) арасындағы белдесудің жеңімпазымен кездеседі.

48 кг с/д дейін :

Айгүл Байқұлова – Дениса Унгуриану (Румыния)

52 кг с/д дейін :

Әсел Қайсарова – Мария Скора (Украина)

Айкүнім Түйтекова – Зарина Бабинян (Ресей)

57 кг с/д дейін:

Анна Старченко – Анастасия Конкина (Ресей)

Севара Нишанбаева – Фенни Малмборг (Швеция)/ Теша Ало (АҚШ) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

70 кг с/д дейін:

Зере Бектасқызы – Валерия Феррари (Италия)

78 кг с/д дейін:

Мархабат Ақылбаева – Ли Янг (Қытай)

78 кг с/д жоғары:

Назира Ержанова – Грасиела Альварез (Аргентина)

Роза Доқтырбаева – Саламоун Тжаса (Словения)


ӘЧ жарыс кестесі

23 қазан, сәрсенбі

Ерлер: 55, 60 кг с/д дейін. Қыздар: 44, 48 кг с/д дейін.

10:00 – кіріспе белдесулер

17:00 – финалдық бөлім

24 қазан, бейсенбі

Ерлер: 66,73 кг с/д дейін. Қыздар: 52, 57 кг с/д дейін.

10:00 – кіріспе белдесулер

17:00 – финалдық бөлім

25 қазан, жұма

Ерлер: 81, 90 кг с/д дейін. Қыздар: 63, 70 кг с/д дейін.

10:00 – кіріспе белдесулер

17:00 – финалдық бөлім

26 қазан, сенбі

Ерлер: 100, +100 кг с/д дейін. Қыздар: 78, +78 кг с/д дейін.

10:00 – кіріспе белдесулер

17:00 – финалдық бөлім

27 қазан, жексенбі

Командалық тартыстар

10:00 – кіріспе белдесулер

17:00 – финалдық бөлім

Әлем чемпионатынан көрсетілімді ippon.tv сайтынан көре аласыздар. Любляна мен Алматы уақыты бойынша ерекшелік 4 сағатты құрайды (Люблянада Алматыға қарағанда 4 сағат артта).

Жастар арасындағы әлем чемпионаты ағымдағы жылдың қорытынды біріншілігі болмақ. Бұған дейін тамыз айының соңында Майамиде (АҚШ) кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеде отандасымыз Бауыржан Жауынтаев55 келіге дейінгі салмақ санатында бірінші орыннан көрінген еді. Ал тамыз айының соңында бразильдік Рио-де-Жанейрода ересектер арасында өткен додада Азамат Мұқанов (66 кг) 2011 жылдың әлем чемпионы, жапондық Масаси Эбинумаға жол беріп, күмістен алқа тағынды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар