Жаңалықтар

14:00 | 02 қыркүйек 2013
1 қыркүйекте, Рио-де-Жанейродағы (Бразиия) дзюдодан ересектер арасында аяқталған әлем чемпионатының соңғы күнінде Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылар комиссиясының жаңа төрағасы ресми түрде жария етілді. Жаңа лауызымның иесі француз дзюдошысы Тедди Ринер. Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Ринер 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде татами қожайыны Рафаэль Силваны финалдық тартыста жеңіп, дзюдодан әлем чемпионы атанды. Сонымен, Ринер әлемнің жеті дүркін чемпионы, сондай-ақ 2012…
10:00 | 02 қыркүйек 2013
Дзюдодан болып жатқан халықаралық әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы дода Рио-де-Жанейроның (Бразилия) «Maracanãzinho Arena» спорт кешені аумағында 26 тамыз бен 1-ші қыркүйек аралығында өтті. 124 елдің 776 дзюдошысы өзара мықтыларын анықтады. Жеке белдесулер мен екі командалық жарыста барлығы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Бұдан былай командалық белдесуді 2016 жылғы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына қосу мәселесі көтерілуде. Себебі төрешілердің жаңа ережесі…
12:00 | 01 қыркүйек 2013
Алты күнге созылған дзюдодан әлем чемпионатына біздің ұлттық құраманың атынан 15 спортшы қатысты. Жарысты қорытындылайтын болсақ: Қазақстан чемпионатты жеке есеп бойынша төрт жетістікпен, оның ішінде бір «күміс» жүлдемен аяқтап отыр. «Күміс» алқаны 66 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Азамат Мұқанов жеңіп алды. Дастан Ықыбаев 73 кг дейінгі салмақта бесінші орын алса, 60 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Елдос Сметов…
12:00 | 31 тамыз 2013
Кеше, 30 тамызда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) дзюдодан әлем чемпионатының бесінші күнгі жарыстары жалғасты. Қазақстан құрамасының атынан бұл күні үш спортшы өнер көрсетті: 90 кг дейінгі салмақ санатында Ислам Бозбаев өзінің екінші кездесуінде жапон спортшысы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Масаси Нишияманы жеңді, бірақ үшінші кездесуде литвалық Каролис Бауцадан жеңіліп қалды. Ал спортшы Анар Сейтімова 78 кг дейінгі салмақ санатындағы бірінші кездесуінде-ақ британдық…
08:00 | 30 тамыз 2013
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан дзюдодан әлем біріншілігінде кеше, 29 тамыз күні төртінші салмақ санаты бойынша жарыстар жалғасты. Қазақстан құрамасынан атынан бұл күні татамиге бір ғана спортшы – Дәулетхан Жақыпов шықты. Өкінішке орай, біздің спортшы іріктеу айналымынан шыға алмады: ол исландиялық Свейнбьёрн Иурамен болған бірінші кездесуді иппонмен аяқтағанымен, екінші кездесуде швед Робин Пасекадан жеңіліп қалды. Сөйтіп, Дәулетхан жарыс жолынан шығып қалды.…

Әлеуметтік желідегі парақшалар