Өскеменде кездескенше!
15-19 қараша аралығында Өскеменде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 650 –ге тарта спортшы қатысады, ал дода Өскемендегі жаңа жекпе-жектер сарайында өтеді, деп хабарлады ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен.
Қатысушылардың нақтыланған құрамы келесі аптада расталады, бірақ ерлер мен әйелдер ұлттық құрама жарысқа толық дерлік құрамда қатысатыны қазірден анық. Естеріңізге сала кетейік, командалар жарысқа 2012 жылғы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша жіберіледі. Былтырғы чемпионатта 1-6 орындар алған командалардың атынан аумақтық жарыстарда (облыстар, Алматы, Астана қалалары) 1-3 орындар алған спортшылар жіберілсе, біріншілікте 7-10 орын алған командалар әр салмақ санаты бойынша үш спортшыдан, 11-14 орын алған командалар- екі спортшыдан, 15-16 орын алғандар – бір спортшыдан шығара алады.
Дзюдодан ҚР Чемпионатының кестесін назарларыңыза ұсынамыз
15 қараша, жұма (командалардың келу күні:
17:00-18:00 – барлық салмақ санаты бойынша жеребе өтеді
18:00-20:00 – облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының аға бапкерлерінің қатысуымен ҚР Дзюдо федерациясының конференциясы өтеді
19:00-20:00 – салмақ өлшеу (ерлер: +100 кг, - 100 кг, - 90 кг, - 81 кг; әйелдер: +78 кг, - 78 кг, - 70 кг)
16 қараша, сенбі (жарыстың бірінші күні):
10:00 - жарыстың басталуы (ерлер: +100 кг, - 100 кг, - 90 кг, - 81кг; әйелдер: +78 кг, - 78 кг, - 70 кг.)
19:00-20:00 – салмақ өлшеу (ерлер: - 73 кг, - 66 кг; әйелдер:- 63 кг, - 57 кг, - 52 кг)
17 қараша, жексенбі (жарыстың екінші күні):
10:00 - жарыстың басталуы (ерлер: - 73 кг, - 66 кг; әйелдер: - 63 кг, - 57 кг, - 52 кг.)
19:00-20:00 – салмақ өлшеу (ерлер:- 60 кг, АБС; әйелдер: - 48 кг, АБС)
18 қараша, дүйсенбі (жарыстың үшінші күні):
10:00 – жарыстың басталуы (ерлер: - 60 кг, АБС; әйелдер: - 48 кг, АБС)
17:30-18:00 – Қазақстан Кубогының жеребе рәсімі (командалық жарыстар)
19:00-20:00 – салмақ өлшеу (ерлер:- 66 кг, - 73 кг, - 81 кг, - 90 кг, +90 кг; әйелдер:- 52 кг, - 57 кг, - 63 кг, - 70 кг, +70 кг)
19 қараша, сейсенбі (командалық жарыстар):
10:00 – жарыстың басталуы (ерлер: - 66 кг, - 73 кг, - 81 кг, - 90 кг, +90 кг; әйелдер: - 52 кг, - 57 кг, - 63 кг, - 70 кг, +70 кг)
0 пікірлер