Жаңалықтар

10:10 | 15 ақпан 2017
Бүгін Еуропа ашық кубогының жеңімпазы, Азия Чемпионатының күміс медаль иегері, әлемдік Гран При турнирінің жүлдегері, ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Дидар Хамзаның туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы Дидарды туған күнімен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, спорт жолында толағай табыстар тілейді!
21:49 | 10 ақпан 2017
11 ақпан Франция астанасы Парижде маусымның алғашқы турнирі өтеді. "Grand Slam" турниріне Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады. Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіде Асхат Тельманов алғашқы айналымда словениялық Трбовц Матьяжбен белдессе, Ғұсман Қырғызбаев жарысқа 1/16 финалында қосылады. 66 келіде Мейіржан Қалтаев Шмит Томмен кездессе, Әбілхайыр Мәуленин жеребе бойынша татамиге 1/16 финалда шығады. Елдос Жұмаханов 73 келіде ел намысын қорғайтын болады.
16:10 | 09 ақпан 2017
Биыл Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне 25 жыл толып отыр. Осыған орай, назарларыңызға 25 жыл ішінде қазақстандық дзюдошылар қатысқан Олимпиада мен оның нәтижесін ұсынғанды жөн көрдік. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет 1996 жылы Атланта Олимпиадасына қатысты. 25 жыл ішінде 6 Олимпиадаға 48 дзюдошы қатысып, 3 медаль алды. Өздеріңіз білетіндей, алғашқы медальға Пекин Олимпиадасында ауыр салмақта Асхат Жіткеев күміске қол жеткізген…
11:03 | 07 ақпан 2017
2017 жылдың 11-12 ақпан күндері Парижде (Франция) халықаралық «Grand Slam» турнирі өтеді. Қазақстан құрамасынан бұл турнирге 5 дзюдошы қатысады. Ерлер: Қырғызбаев Ғұсман (60 кг) Телманов Асхат (60 кг) Мейіржан Қалтаев (66 кг) Мәуленин Әбілхайыр (66 кг) Жұмаханов Елдос (73 кг)
15:52 | 06 ақпан 2017
3-5 ақпан күндері Тараз қаласында дзюдодан 2000-2001 ж.т. Жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 14 облысы және Алматы, Астана қаласынан 600-ге жуық спортшы қатысты. Үш күнге созылған Чемпионат нәтижесі келесідей: 46 кг І орын - Амантай Дулат (ОҚО) ІІ орын - АманқосовНұрдәулет (ҚЗО) ІІІ орын- Құрақбаев Арыстан (АЛО), Тахир Азамат (ҚЗО) 50 кг І орын - Давлятов Шерзод (ОҚО)…

Әлеуметтік желідегі парақшалар