Астанада «Дзюдодан әлемдік Гран-При» турнирі өтеді
2014 жылы Астанада «Дзюдодан әлемдік Гран-При» турнирі өтеді. Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Дзюдо федерациясының бірлескен отырысында мәлім етілді. Турнир үшін Қазақстанның елордасы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Атап айтқанда, 2015 жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионатын өткізу жоспарлануда, сондықтан да «Әлемдік Гран-при» турнирі осынау біріншілікке дайындық болмақ.
Бірлескен отырыста сондай-ақ 2013 жылдың қорытындысы шығарылды. Атап айтқанда, биылғы жыл қазақстандық дзюдошылар үшін табысты болғандығы айтылды. Біздің балуандарымыз әлем, Азия біріншіліктерінде және халықаралық турнирлерде түрлі медальдар жеңіп алды. Конфедерацияның және демеушілердің есебінен федерацияның материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Дзюдоны танымалдығын арттыру үшін өңірлердегі бөлімшелер мен облыстық федерацияларға кимоно жиынтықтары және татами үлестірілді. Оған қоса, бүгінгі таңда елімізде дзюдомен айналысушылардың саны едәуір өсіп отыр. Қазақстанда спорттың бұл түрімен 19 мыңнан астам адам айналысады.
Дзюдо федерациясы сондай-ақ, Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаев міндеттеген сегіз бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы есеп берді.
0 пікірлер