Қарашаның 15 мен 20 аралығында Өскемен қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді
Қарашаның 15 мен 20 аралығында Өскемен қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді. Өскемендегі жаңадан салынған спорт кешенінде еліміздің әр аймағынан жиналған жалпы есебі 650-ге жуық дзюдошы бақ сынайды. Чемпионатқа қатысатын командалардың нақты құрамы келесі аптада анықталады. Бір айта кетерлігі, дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Өскемендегі біріншілікке толық құраммен қатысады. Біріншілікке қатысатын командалар 2012 жылы өткен дзюдодан ел чемпионатының қорытындысы бойынша анықталады. Мәселен, 2012 жылы Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде 1-6 орын алған командалар өз аймақтарындағы чемпионатта 1-3 орын алған спортшыларын қатыстыра алады (Алматы және Астана қаласы, облыстар); 2012 жылғы чемпионатта 7-10 орыннан көрінген командалар әрбір салмақта 3 балуанын сайысқа қоса алады, 11-14 орын алған ұжымдар әр салмақта 2 спортшысын, 15-16 орын алған командалар әр салмақта 1 спортшысын ғана Өскемендегі ел чемпионатына қатыстырады. Бәсеке басталмас бұрын, сіздерді дзюдодан Қазақстан чемпионатының кестесімен таныс болуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне хабарласыңыз press@fdk.kz |
0 пікірлер